Басты » Редакция таңдауы » БАЙЖАНСАЙДА АЛМАЗ ТАБЫЛДЫ

БАЙЖАНСАЙДА АЛМАЗ ТАБЫЛДЫ

Келешегі жоқ, өмір сүруге қолайсыз деп танылған Бәйдібек ауданындағы Байжансай ауылының даңқы қайта асқақтады. Бейресми ақпараттарға сүйенсек, өңірден кимберлит түтікшесі табылған. Мұны естіген мамандар, Байжансай ауылынан асыл тас табамын деп асыға аттануда.

     Мына әуесқой бейнематериалда, шет елдік көлікті тақымдаған мамандар, иесіз қалған ауылға жол тартты. Орталық көшені артта қалдырып, қараусыз қалған шахтаға бет алды. Не болып жатыр? Бұл сұраққа куәгерлердің бірі жасырын түрде жауап берді.

     2-3 апта бұрын жергілікті тұрғын ерекше тас тауып алыпты. Кейіннен шымкенттік мамандарға көрсеткен. Бұл көлемді алмас екен,. Ел арасына тез тарап үлгерді. Міне, барлығы сонда ағылуда.

     Алайда, мұның өзі оңай шаруа емес. Қараусыз қалған шахтаны су алған, айналасын қар басқан. Тіпті, жол талғамайтын көлікпен өту де мүмкін болмай тұр. Ал, мамандар, ашық қазба жұмыстарын тек күн жылынғанда бастауы мүмкін.

     Біз алмаздың бірнешеуін таптық. Алайда, ауа райының салдарынан іздеуге тиісті негізгі жерлерге өте алмай отырмыз. Ал, біз дайындық үстіндеміз. Күн жылыған бетте Байжансайдан асыл тас іздеуге асықпыз.

     Тау етегінде орналасып, ит байласа тұрмайтын ауылдың даңқы қайта шыға бастады. Алайда, табылған асыл заттар ел қазынасына түсе ме, өзгенің қалтасында кете ме? Бұл уақыт еншісінде.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*