Құрылыс материалдарын заңсыз саудалайтындардың қатары кемімей тұр - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » Құрылыс материалдарын заңсыз саудалайтындардың қатары кемімей тұр

Құрылыс материалдарын заңсыз саудалайтындардың қатары кемімей тұр

Көше бойында құрылыс материяалдарын саудалайтындардың қатары кемитін емес. Қала билігі апта сайын рейд жасап, айыптыларды жазаға тартып жатқанымен нәтижесі көңіл қуантпайды. Мәселен, Абай ауданында тас пен құмды рұқсатсыз сататын 12 орын бар екен. Қазіргі күні заңға бағынбайтын 5 нысанды арнайы құрылған топ жаптық,-дейді. Ал, қалғандарына ескерту беріліп, айыппұл салыныпты.

Қайрат БАЗАРБЕКОВ

Шымкент қалалық кәсіпкерлік бөлімінің сектор меңгерушісі

Жыл басынан бері 200-ден астам азамат жауапқа тартылды. Олардың біршамасы жұмысын тоқтатты. Заңға бағынбағандарға ескерту берілді. Айыппұл салынды.

Жауаптылардың сөзіне сенсек, оңай олжаға кенелгісі келгендермен күрес жыл бойы жалғасады. Алайда, белгіленбеген орында сауда жасайтындардың тірлігін толық тоқтату мүмкін емес екен. Өйткені, оларға салынатын айыппұлдың мөлшері аз. Жергілікті билік өкілдері мен полиция қызметкерлері қолымыздан бар келетіні осы,-дейді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*