Басты » Қоғам » ОҚО әкімі өзбекстандық делегацияны өзбек тілінде қарсы алды

ОҚО әкімі өзбекстандық делегацияны өзбек тілінде қарсы алды

Жансейіт Түймебаев өзбекстандық делегацияны өзбек тілінде қарсы алды. Ала шапанды ағайындардың ыстық ықыласына бөленген аймақ басшысы енді екі ел арасындағы сауда айналымын кеңейтуге күш салатынын айтты.

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынас экономикаға айтарлықтай пайдасын тигізіп жатыр. Мәселен, өткен жылы екі елдің тауар айналымы 11 пайызға артса, биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіш 125 млн АҚШ долларын құраған. Отандық кәсіпкерлердің экспорт көлемі 73, ал көршілерден жеткізілген импорт 52 млн доллар. Осыны тілге тиек еткен аймақ басшысы өзбекстандық делегацияға ризашылығын өзбек тілінде жеткізді.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ

ОҚО әкімі

Хурматли Узбекистонлик тадбикерлар. Жануби Қозоғистонга хуш келипсизлар. Сизларга оз минаткорлигимни билдираман.

Бүгінгі бизнес форумға көрші елден 160 кәсіпкер қатысты. Олардың арасында көкөніс, жеміс жидек өнімін өндіретін ірі кәсіпорындардың басшылары бар. Дегенмен, Оңтүстіктің дихандарын ауылшаруашылығы техникаларын шығаратын зауыт қызықтырды. Себебі „УзАгроСанатХолдинг„-тің құрылғылары, заман талабына сай, шығынды көп қажет етпейді.

Азамат ЮЛДАШЕВ

УзАгроСанатХолдинг„ басшысының орынбасары

Біз Қазақстанмен байланысты үзген емеспіз. Біздің техникалар Кеңес үкіметі кезінен бері осында жеткізіледі. Бірақ, мекемеде айтарлықтай өзгерістер болды. Қазір шетелдің әріптестерімізбен тәжірибе алмасып, техникаларымызды заманға сай еттік. Біз шығаратын құрылғылардың шығыны аз. Бізде тек бір ғана мәселе бар. Тапсырыс берушілердің санын көбейтіп, зауыт ауқымын кеңейту.

Қос мемлекет бір-бірімен ең қажетті тауарларын алмасады. Мәселен, көрші Өзбекстан азық-түлігін алып келсе, бізден құрылысқа қажетті материялдар экспортталады.

Асқар ӘБУБӘКІРОВ

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының төрағасы

Бізден оларға цемент барады. Сосын өткенде шекараны көрсек, Өзбекстан тарапы бізден сусындар сатып алып жатыр. Тек Акциз құны қымбат деді. Олардан тапсырыс түсіп жатса, бағаны түсіруге әрекет етеміз.

Қонымды ұсыныстар болып жатса, екі елдің кәсіпкерлері меморандум түзуге дайын.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*