Оңтүстікте әрбір төртінші отбасының шырқы бұзылады - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » Оңтүстікте әрбір төртінші отбасының шырқы бұзылады

Оңтүстікте әрбір төртінші отбасының шырқы бұзылады

Оңтүстікте әрбір төртінші отбасының шырқы бұзылады. Ерлі-зайыптылардың ажырасып кетуіне арадағы түсініспеушілік себеп екен. Мамандар келтірген статистикаға сүйенсек, шаңырағы шайқалатындардың қатары жыл санап артуда. Мәселен, 2015 жылы екі бөлек кеткендердің саны 5 мыңнан асса, биыл бұл көрсеткіш 15 мыңға жетіпті. Өкініштісі үлкендердің қателігінен бейкүнә сәбилер азап тартуда.

Ажырасудың алдын алуға кіріскен мамандар үгіт-насихат жұмыстарын студенттер арасында бастады. Себебі махаббатқа мас болып, артыннан опық жейтіндердің көбі осы жастар. Мамандардың айтуынша, отбасының бұзылуына сенімсіздік пен жауапкершіліктің жоқтығы себеп. Онымен қоса, жас жұбайлардың ата-аналары ақыл айтудың орнына, қырық пышақ болып қырылуға дайын тұрады екен.

Салтанат НУРЫМБЕТОВА

ОҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары

Соңғы үш жылдағы статистикаға сүйенсек, Оңтүстікті 64607 болса, бұзылған неке саны 15765 болып отыр. Бұл әрбір 4 отбасының шырқы бұзылады деген сөз.

Бір өкініштісі үлкендердің қателігінен балалар зардап шегеді. Мамандар психологиялық соққы алған жасөспірімнің қоғамнан көңілі қалатынын анықтапты. Мәселен, жаман жолға түсіп, өзіне қол салатын қаракөздердің дені берекесіз отбасында өскендер екен.

Баян ЖАНДОСОВА

ОҚО Әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссяның төрайымы

Зорлық зомбылық бар жерде суицид өте көп. Өйткені ана баланың еңсесі ешқашан көтерілмейді. Үйіне келсе ұрыс-керіс. Осындай жағдай болып жатыр.

Соңғы уақытта сәбиін көшеде туып, тастап кететіндерде көбейген. Мұндай сорақылыққа баратындардың көбі жас қыздар екен. Мамандар отбасындағы тәрбиенің жоқтығы осындай жағдайға соқтырып жатыр,- дейді дабыл қағып. Сондай-ақ, келешегін ойламай етегін түрген аруларымыз оң солын танымай жүкті болады. Ағайын-туысын жерге қаратып, ақыры аналар үйін паналайды екен.

Қалдар ТУНТЕКОВА

Шымкент қаласының №1 аналар үйінің үйлестірушісі

Аналар үйіне көбіне ойнап жүріп от басқан, 5 минуттық ләззатқа беріліп қателік жасаған, ата-ана туған туысына керек болмай қалған қыздар келеді.

Үйлену оңай-Үй болу қиын„ тақырыбын талқылауға келгендер, студенттер арасында жатақхана мәселесін шешу керек деді. Себебі, ауылдан қалаға келген жастар пәтер жалдап тұрады. Ал, пәтерде олардың немен айналысатынынан үлкендер хабарсыз,-дейді.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*