Биыл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымын 3 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделмек - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » Биыл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымын 3 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделмек

Биыл Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымын 3 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделмек

Қос тарап сауда — экономикалық, мәдени — гуманитарлық салаларда байланысты нығайтып, бірлесе жұмыс істемек. Бұл туралы өзбекстандық делегаттарды қабылдаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді. Елдер арасындағы сыртқы сауда айналымымы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 50 пайызға артыпты. Қос мемлекет қандай жобаларды бірлесе жүзеге асырмақ? Алдағы бейнематериалда.

Оңтүстік — трансформатор зауыты өркендеген, химия өнеркәсібі, фармацевтика саласы алға ілгерілеген өңір. Дәл осы салалар өзбекстандық делегаттардың назарын аудара, қызықтырды. Енді, олар тауарларды импорттамақ. Нәтижесінде, Қазақстанға көкөніс, жеміс-жидек, тоқыма өнімдерін жөнелтпек.

Адхам ИКРАМОВ

делегация басшысы //Өзбекстан Республикасы//

Өзбекстанда тоқыма саласының ішкі өндімі 3,6 млрд долларды құрайды. Оның 1,7 млрд экспортқа жібереміз. Осыдан 5-7 жыл бұрын 200-300 млн АҚШ долларын экспорттағанымызды ескерсек, бұл жақсы нәтиже. Сондай-ақ, біз жылына 24 млн тонна көкөніс өндіреміз. Мұны да экспорттауға дайынбыз.

Облыс әкімінің айтуынша, Қазығұрт, Сайрам аудандарында ауылшаруашылығы саласында өзбекстандық компаниялар жұмыс атқарады. Ал, Бадам индустриялдық аймағында газ плиталарын шығарады. Қазақстан — Өзбекстан бизнес форумы екі елдің байланысын нығайтуға жаңа серпін береді дейді Жансейіт Түймебаев.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ

ОҚО әкімі

Бұрын 1 күнде Жібек жолы кеденінен 16 мың адам өтсе, қазір мұның саны 30-35 мың ға жетті. Бұл үлкен нәтиже. Алайда, кедендік, шекаралық мәселелер бар. Біз өз тарапымыздан мұны оңтайландыратын халықаралық дәрежедегі, заманауи жобаны даярлап жатырмыз. Яғни, кеденші, шекарашылар мен адамдар, рәсімдеу бір жерде болады. Шағын қонақүй де қамтылады. Біз бұл жобаның макетін өткен жылы 2 елдің президенттеріне көрсеткенмін. Қолдау таптық. Мұны қос тарапта да іске асырғанымыз жөн.

Жансейіт Түймебаев бірлескен жобалар, экспорт көлемін арттыратынын жеткізді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен де байланысты ныңайтуға септігін тигізетінін атап өтті. Сондай-ақ, мәдени — гуманиттарлық байланысты бір жолға қойып, жастардың екі елде білім алуына жағдай жасау қажет дейді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*