Басты » Спорт » Ордабасының негізгі ойыншылары Қайраттың екінші құрамынан жеңілді

Ордабасының негізгі ойыншылары Қайраттың екінші құрамынан жеңілді

Өз алаңдарында Алматының бас футбол командасын қабылдаған жерлестеріміз бұл ойында бірде бір гол сала алмады. Доп додасын пенальтий сериясына дейін жеткізген аяқдопшылар осылайша Қазақстан кубогында жолдан шықты. Бұған дейін Еуропа лигасындағы жолдамадан қағылған команда Қажымұқан алаңында барлығы 3 сағат тартысқа түсті.

Футболдан Қазақстан кубогының бұл кездесуін көруге қаламыздағы Қажымұқан алаңына біршама халық жиналды. Себебі жеңісті сарапқа салуға Ордабасы мен Алматының Қайраты келген. Бірақ оңтүстік Астананың намысын бұл жолы негізгі ойыншылар емес қосалқы құрам қорғады. Ал, команда капитаны Бауыржан Исламхан әріптестеріне жанкүйерлік танытып, жарысты трибунадан тамашалады.

Доп додасы басталысымен шабуылға көшкен облысымыздың бас футбол командасына есеп ашуға біренеше рет мүмкіндік туған еді. Қақпаны жанап өте берген теңбіл доп бірінші таймның соңына дейін қарсыластар шекарасынан аса алмады. Ал, Қайраттың жастары 45-минутта Ордабасы қақпасын дәлдей алды. Гол авторы Вороговский Ян.

Ойын соңына дейін гол күтеміз деген Ордабасы жанкүйерлері тек 51 минутта қуанышқа бөленді. Бірақ, бұл қуанышты Ордафанға облысымыздың ойыншысы емес Қайраттың Айбол Әбікені сыйлады. Өз қақпасына афтогол салған спортшы осылайша есепті теңестірді. Қосымша берілген жарты сағаттық сында да қос тарап бір-біріне гол сала алмай әбігерге түсті. Тек пенальтий сериясында Қайраттың қосымша құрамы жастық жалындарын көрсетіп, Ордабасылық ойыншыларын жеңісті жұлып әкетті.

Андрей Карпович

Қайрат„ ФК бас бапкерінің көмекшісі

Бірінші кезекті мен Қайрат командасын бүгінгі жеңісімен құттықтағым келеді. Бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Лайықты қарсыласты ұттық деп ойлаймын. Жасыл алаңда Нағыз тартысты бәсеке болды. Жанкүйерлер де қызықты доп додасын тамашалады. Ал дәл осы құрамның алда жарысқа шығу-шықпауы әлі белгісіз. Бірақ меніңше өнер көрсетуге тұрарлық екендерін дәлелдеді.

Георги Дерменжиев

Ордабасы„ ФК бас бапкері

Иә қазір команда құлдырап бара жатыр. Жеңіліс бірінен соң бірі орын алып, ойыншыларға да оңай тиіп жатқан жоқ. Мен жігіттерге егер жеңіске жетсек, Еуропа лиагасына баруға мүмкіндік алатынымызды айтқан болатынмын. Бірақ, жолымыз болмады.

Бұған дейін Еуропа лигасындағы жолдамасынан айрылған жерлестеріміз енді ел кубогында да жолдан шықты. Алда команда ел біріншілігінің кезекті кезеңінде Петропавлдың Қызылжарымен кездеспек. Айта кетейік, Орадабасы осыған дейінгі Қазақстан чемпионатының 3-кезеңінде қатарынан жеңіліс тапқан болатын.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*