Басты » Редакция таңдауы » Ордабасы футболшылары жанкүйерлер алдында тағы да ұятқа қалды

Ордабасы футболшылары жанкүйерлер алдында тағы да ұятқа қалды

Өз алаңында Атырау командасын қабылдаған жерлестеріміз бұл жолы 0:2 есебімен ұтылды. Осылайша Шымкенттік команда турнир кестесінің соң жағында тұрған ұжымға жол берді. Мұндай нәтижені күтпеген жанкүйерлер назарылық білдіріп, шу шығарды.

Өткен маусымды жүлдегер атанған жерлестеріміз биылғы жылды жеңіспен бастаған еді. Алайда көз тиді ма, әлде сөз тиді ма Шымкенттік аяқдоп шеберлері 9-шы турдан бастап сәтсіздікке ұшырады. Бұдан бөлек, команда Еуропа лигасының жолдамасынан айрылып, ел кубогынынан да қол үзді.

Ал, күні кеше Атыраумен өткен кездесуде жанкүйерлер ашуға булықты. Себебі Ордабасы бұл жолы да 0:2 есебімен жеңілді. Жерлестеріміз аутсайдер командадан ұтылып, жанкүйерлер алдында тағы да ұятқа қалды.

Ордабасының бас бапкері командамен қоштасуға асықпайтынын айтады. Себебі болгарлық жаттықтырушы бастаған ісін аяқсыз қалдырмауға тырысады . Бұған дейін Георги Дерменджиев 4 ай бойы жалақысыз жүргенін де жасырмаған болатын.

Георги Дерменжиев

«Ордабасы» ФК бас бапкері

«Чемпионаттың алдындағы жеңіліс үшін ақталғым келмейді. Меніңше біз бірінші таймда жақсы ойнай алмадық. Себебі қарсыластар мен біздің арамыздағы қашықтық дұрыс болмады. Бірінші 45 минутта гол салуға мүмкіндік туған еді бірақ, оны жіберіп алдық. Құрамдағы ойыншылардың да мәселесі болды. Мәселен Пабло Фантанелло жарақат алып, орнына Жақсыбаев шықты. Ал, ол болшағы бар жақсы ойыншы.»

Сырт алаңда Қызылжарды жеңген Ордабасылықтар осылайша өз алаңдарында ойсырай ұтылды. Алайда жерлесетіріміз турнир кестесіндегі 4 орынын сақтап қалды. Команда қоржынында әзірге 19 ұпай бар.

 

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*