Басты » Редакция таңдауы » Шымкент ресми түрде үшінші мегаполис атанды

Шымкент ресми түрде үшінші мегаполис атанды

Бұл турасында Елбасы, болашақ – миллионды қалалардың қолында. Мұндай шаһарлар тұрғындар үшін қолайлы, қауіпсіз, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы жаңартылған және мәдениеті жоғары болуы тиіс деген. Енді, Шымкент те миллионды шаһардың сапына енді. Бұл айтулы сәтті қала тұрғындары айырықша атап өтіп, республикалық рекорд орнатты.

Жағымды жаңалыққа жаны жадыраған 1 миллион тұрғынның 5 мыңы әл-Фараби алаңында жиналды. Барлығы бірлесе халық санымен тең келетін шамада денені шынықтырды. Яғни, әр тұрғын 200 рет денені жерге түсіріп-көтеру жаттығуын жасады. Спортқа жан құмартқандар сапынан жастар мен қала әкімі Нұрлан Сауранбаев табылды.

Қайрат Нұртай

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

Миллиондыққа толу үшін Шымкент ғасырлар бойы бұған келе жатты. Қанша тарихы бар. Қанша кезеңдері болды. Бгін сол жағымды жаңалықты Шымкенттің жастары іс шаралармен атап өтпекші.

Тарихи күнді ауқымды флешмоб әсерлендіре түсті. Жастар үйлесіммен тізіле, 1 млн санына жинақталды. Тұрғындар, бұл сәтті қаперде мәңгі сақтамаққа, таспалап, суретке түсіруге асықты. Шаһардың талантты диджей, өнерпаздары жалынды әуендерімен, көңілді көтере түсті.

Ақжан Өмірхан

қатысушы

Азанғы сағат 9-дан бастап келіп ән айтып, отжимание жасап жатырмыз. Көңіл — күй керемет. Шымкенттің 3-ші мегаполис атанғанына өте қатты қуаныштымын. Ризамын.

Акция арқылы шымкенттіктер 1 оқпен 2 қоянды атты. Яғни, тұрғындар мерекелік рекорд орнатып, „Сенің жаңа қырың„ челленжына қатысты. Спорттық акция аясында әр тұрғын 4-ші маусымнан 25-ші маусым аралығында 21 күн бойы 30 минуттық кешенді жаттығулар жасайды. Спорттық шарадағы фотосуреттер мен бейнежазбаларын өздерінің әлеуметтік желілеріне «сенің жаңа қырың» хештегімен әрі геолокациясын көрсете отырып жариялауы тиіс. Жобаға әзірге Айсұлу Әзімбаева, Мұрат Мұтырғанов сынды өнер иелері қосылды.

img-20180603-wa0083  img-20180603-wa0056

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*