Басты » Редакция таңдауы » Шымкенттің миллионыншы тұрғыны белгілі болды

Шымкенттің миллионыншы тұрғыны белгілі болды

Қала тарихында атын алтын әріппен жазған сәбидің есімі Айсұлу Саматқызы Еламанова. Күллі күнгейліктерді қуанышқа кенелткен періште, ата-анасында бақытқа бөледі. Себебі белгілі кәсіпкер Қайрат Молдасейітов Айсұлудың отбасына екі бөлмелі пәтер сыйлады.

Шымкенттің миллионыншы тұрғыны осы қыз. Есімі Айсұлу. 2018 жылдың 17 мамырында дүниеге келген. Тұңғыш перзентін бауырына басқан ата-анасының қуанышында шек жоқ. Себебі сәбилері тарихи оқиғамен тұспа-тұс туылып отыр.

Айжан АХАЙБЕКОВА

Айсұлудың анасы

Бірінші маған звондады загстен. Осылай миллионыншыны анықтап жатырмыз деп. Қыздың аты-жөнін сұрады. Іштей толқыдым. Миллионыншы бола ма, екен деп. Кеше келіп құттықтады.

Миллионыншы тұрғынның ата-анасы 21 жаста. Отағасы жүйке жүйелері ауруханасында қызмет етеді. Ал, отанасы қаладағы банктердің бірінде қаржы кеңесшісі. Тұңғыштарының дүниеге келуін асыға күткен жұп, пәтерге ие боламыз,-деп еш ойламаған.

Самат ЕЛАМАНОВ

Айсұлудың әкесі

Не дерімді білмеймін. Айтар сөз таппай тұрмын. Біз жәй құттықтайтын шығар деп ойлағанбыз. Ал бізге екі бөлмелі пәтер сыйлап отыр. Рахмет.

Жас жұбайларға баспана тарту еткен Қайрат Молдасейітов мұндай қадамға ойланбай барғанын айтады. Өйткені, бұрындары өзі басқарған Шымкент еліміздегі үшінші қала атанудың алдында тұр. Онымен қоса, бұл кісі Түркістанның да тізгінін ұстаған. Меценат қаланың миллионыншы тұрғыны қуанышымды еселей түсті,-деп ағынан жарылды.

Қайрат МОЛДАСЕЙІТОВ

кәсіпкер

Шымкентке статус беріліп, Түркістан облыс орталығы болайын деп жатыр. Бұл деген үлкен инвестиция келе жатыр деген сөз. Сондықтан қарап отыра алмадым. Қуаныш сыйлаған қыздың ата-анасына пәтер сыйлауға бел будым.

Еламановтардың қуанышын бөлісуге қала және облыс атқамінерлері түгел жиналды. Ал, пәтер кілтін Жансейіт Түймебаев Айсұлудың өзіне ұстатты.

Құтты болсын! Енді папасы мен мамасының еңбегі бар. Бірақ миллионыншы болып туылу Айсұлудың бақыты. Сондықтан кілтті өзіне беремін. Ал, мамасының еңбегі деп гүл беремін. Папасы үйге продкуты тасысын.

Естеріңізде болса, қала мәслихатының кезектен тыс сессиясында Жансейіт Түймебаев Шымкенттің миллионыншы тұрғыны мамыр айында дүниеге келгенін айтып сүйінші сұраған еді. Аймақ басшысы бақытты сәбиді салтанатты түрде таныстырамын,-деп уәде берген болатын.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*