Басты » Редакция таңдауы » Кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен белсенділері марапатталды

Кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен белсенділері марапатталды

10 маусым-еліміздегі кәсіподақтар күні! Осыған орай өңірімізде аталмыш ұйымға мүше адамдардың басы қосылған салтанатты шара өтті.Мұнда түрлі саладағы кәсіподақ қозғалысының ардагерлері мен белсенділері марапатталды. Сондай-ақ білім беру ,денсаулық сақтау, мәдениет, агро-өндіріс кешені, көлік және басқа да сала қызметкерлерінің еңбектері аталып өтілді.

Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысы ХХ ғасырдың басынан басталған. 1905 жылдың 6 желтоқсан күні Қарағанды облысы аумағындағы Успен мыс кен орнындағы жұмысшылар одағы елдегі алғашқы кәсіподақ ұйымы болып ресми танылған. Бірлескен ұйымның негізігі мақсаты-еңбеккер мен жұмыс беруші арасында туындайтын мәселелерді дер кезінде шешу. Олардың қолдаушысы қорғаушысы болу.

ДОСЫБАЙ ШЕРІМҚҰЛОВ

КӘСІПОДАҚ АРДАГЕРІ

Кәсіподақ бірлестігі бұрыннан келе жатқан бұхаралық ұйым болғаннан кейін тарихы өте бай.Қазір міне егемендік алғаннан кеін аталған ұйым өз жұмысын ода әрі жалғастыруда.Негізгі міндеті жұмыс істеп жатқан азаматтардың құқықтарын қорғау.

Мерекелік шараға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков қатысып,облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың кәсіподақ мүшелеріне деген құттықтау хатын оқып, алғысын жеткізді.

ҰЛАСБЕК СӘДІБЕКОВ

ОҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып,дендеріңізге саулық отбасыларыңызға амандық тілеймін.ізгі ниетпен Жансейіт Түймебаев

Мұнда жұмысшылардың құқығын қорғап,қызметін адал атқарғандар құрметке бөленді. Аталмыш ұйым мүшесі Гүлжамал Әбуова Облыстық кәсіподақ бірлестігінің бас есепшісі болып қызмет атқарып келе жатқанына биыл 22 жыл толып отыр.Өз саласының қыр сырын жетік меңгерген маман «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі» төс белгісінің иесі атанды.

ГҮЛЖАМАЛ ӘБУОВА

ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ БАС ЕСЕПШІСІ

Бүгін міне еңбегіміз еленіп,қуанышқа бөленіп жатырмыз. Барлықтарыңызды мерекемен құттықтаймын.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіподақтардың аймақтық ұйымында 221 752 мүше бар. Оның 2161 і түрлі саладағы бастауыш ұйымдары.Аталмыш бірлестіктен өткен жылы ондаған адам көмек сұрап келген.Оларға тиісті заңгерлік қызмет түрлері көрсетіліп,еңбек демалысының ақысы мен басқада жеңілдіктер қарастырылған.

МАДИНА АБАЙҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*