Басты » 13 Аймақ » Бір отбасын қан жылатқан азамат 20 жылға сотталды

Бір отбасын қан жылатқан азамат 20 жылға сотталды

Көлікті егесімен бірге өртеп, бір отбасыны қан жылатқан азамат сотты болды. 28 жасар Нарман Сүлейменовке ҚР ҚК 3 бабымен айып тағылып, 20 жылға абақтыға жабылды. Мұндай шешім, ОҚО Қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды. Толығырақ Нұргүл Жолымбетова баяндайды.

28 жасар Нарман Сүлейменов бұрын соңды сотты болған. Ол, 2009 жылы тонау бабымен абақтыға жабылып, жазасын 2013 жылы өтеп шыққан. Алайда, соттылығы әлі күнге жойылмаған еді. Ал бүгін кісі өлтіру, бөтеннің мүлкін жойып, қарақшылық жасағаны үшін айыпталып отыр. Оған осы баптармен 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сотталушы сотқа дейінгі тергеу барысында өз кінәсін толық мойындаған. Алайда, сот процесі басталысымен ақ, өз жауабын өзгерте бастапты. Айтуынша, өзіне құқық қорғау қызметкерлерінен қысым көрсетілген. Сол себепті, барлық кінәні өз мойнына алған. Сондықтан, процес барысында екі рет сот медициналық сараптама тағайындалып, сотталушының сөзі расталмаған.

Ал, жәбірленушінің туыстары, судьяның тағайындаған жазасымен келісседе, сотталушы кешірімге лайық емес деп санайды. Тіпті, сот залында шу шығарып, ашуға беріліп жатты.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы жағдай үстіміздегі жылдың ақпан айында Түлкібас ауданында орын алған. Нақтырақ айтар болсақ, 5 ақпан күні айыпталушы Сүлейменов, жәбірленушіге 5 млн теңгеге жүк көлігін сатпақ болады. Мұнан соң, оны алдап соғып, өзінің көлігімен рысқұлов ауылы құлан өзенінің жанына апарып, сыбайласымен бірге қылқындырып өлтірген. Қылмысын жасырмақ болған олар, мәйітті көлікпен бірге өртеген. Алайда, қылмыскердің бірі көп ұзамай қолға түскен болатын. Ал, сыбайласы әлі күнге іздестірілу үстінде.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*