Басты » Редакция таңдауы » Шымкент қаласы әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Шымкент қаласы әкімі аппаратына жаңа басшы тағайындалды

Қала әкімінің өкімімен бұл қызметке Али Алтай Сембекұлы кірісті. Қала әкімі Нұрлан Сауранбаев аппарат басшысының жұмысына сәттілік тілеп, жаңа міндеттер жүктеді. Алтай Сембекұлы 1985 жылы 3 мамырда Жамбыл облысы Жаңатас ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары, мамандығы экономист. Мемлекеттік тілмен қатар орыс, түрік, ағылшын тілдерін жетік меңгерген. Ол еңбек жолын 2005 жылы Қазақ-Австрия Акционерлік Қоғамының “Рахат” бірлескен кәсіпорнында қарапайым қызметкер болудан бастаған. 2010-2011 жылдары “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры” Акционерлік қоғамынының субсидиялау департаментінің менеджері болып жұмыс атқарған. Бүгінге дейін ол Астана қалалық сотының бас маманы, ҚР Премьер-Министрінің Сыртқы байланыстар басқармасының және хаттама бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы қызметтерін жасаған. Ал 2016 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Премьер-Министрі Өңірлік даму бөлімінің бас консультанты лауазымында болған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*