Сайрам тұрғын алабының халқы, төтенше жағдай тіркелеме деп қорқып отыр - Шымкент жаналықтары
Басты » Қоғам » Сайрам тұрғын алабының халқы, төтенше жағдай тіркелеме деп қорқып отыр

Сайрам тұрғын алабының халқы, төтенше жағдай тіркелеме деп қорқып отыр

Көпір қауіпті жағдайда. Билік басындағылар тездетіп мәселені шешпесе, төтенше жағдай тіркелуі мүмкін. Сайрам тұрғын алабының халқы болашақ мегополистің басшыларына осындай сәлемдеме жолдады. Айтуларынша, қазынаның қыруар қаржысы бөлінсе де, өткелдің құрылысын соңына дейін жеткізетін біреу табылмапты. Ашынған ағайын көпірді жөндейміз деп, керісінше қиратып тастаған шенділердің атүсті тірлігі жанға батты-дейді.

Күрделі жөндеуден өткен көпірдің сиқы мынау. Құдды бір құрылып емес, бұзылып жатқандай әсер қалдырады. Жағалауы опырылып, құрылыс материялдары шашылып жатыр. Өткел ауыр жүк көлігі өткен сайын дүр сілкініп, елдің зәре құтын қашырады. Жақын маңдағы тұрғындар алғашқыда мұны жер асты дүмпуі деп ойлап , қауіпсіз жерге қашып шығыпты. Уақыт өте оғанда етіміз үйренді,-дейді халық.

Құралай ХАЙТБАЕВА

Шымкент қаласының тұрғыны

Өте қауіпті. Әсіресе жаңбыр жауған кезде судың дауысы үйге естіледі. Ал, екі үш машина көпірден қатар өтсе, мен өзім дүкенде істеймін-іштегі заттардың барлығы сықырлап кетеді. Өте опасный бұл.

Тұрғындар тірлігін түбегейлі тындырмаған биліктің бассыздығы шегіне жетті,-деп отыр. Олай деуге себеп те жоқ емес. Мәселен, ауылды қақ жарып отетін Сайрам-суға жақын орналасқан үйлер кәріз суын өзенге ағызып жатыр. Қолқаны қабатын сасық иіс келген қонақтарға да, жергілікті жұртқа да ыңғайсыздық туғызуда. Бірақ, бұған бас ауыртып , жан қинап жатқан ешкім жоқ.

Шарахым ШАБУЛАТОВ

Шымкент қаласының тұрғыны

Мына домдардың канализациясы осы өзенге қуйылып жатыр. Ана жерде балалар шомылады. Ауру жұқтырама деп қорқамыз. Бірақ бұл билікті қызықтырмайды. Сондада жөндер деген үмітіміз бар. Қашан екені белгісіз.

Көпір қашан жөнделеді. Жөндейтін мердігер кім? Бюджеттен бөлінген ақшаның көлемі қанша және құрылысқа тапсырыс берген қай әкімдік? Сауал көп, жауабы жоқ. Шенділер бір-біріне сілтегенімен дөп басып айтар біреу табылмады.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

тілші

Өткел жөндеуден өтті деген бос сөз дейді мұндағылар. Айтуларынша, құрылысқа жауапты мердігер тірлігін тындырмай тайып тұрған көрінеді. Сөйтіп, қазынадан бөлінген қыруар қаржы ауаға ұшты дейді ашынған ағайын. Содан бері талай уақыт өтседе, елдің жайын көпірдің халін сұрап ешкім келмепті. Ал, ағысы қатты өзеннің жағасы опырылып, жақын маңдағы үйлерге қауіп төндіруде. Бірақ, бұған ешкім бас ауыртып жатқан жоқ сыңайлы.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*