Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте Қадір түні қарсаңында нәрестенің өлі денесі табылды

Шымкентте Қадір түні қарсаңында нәрестенің өлі денесі табылды


Жаға ұстатар жағдай Абай ауданына қарасты Жайлау мөлтек ауданында орын алған. Таңғы намазға бара жатқан жамағат жолдың жиегінде жаңа туылған шарананың өлі денесін тапқан. Бейнетаспадан безбүйрек ана нәрестесін жеке үйлердің ауласында дүниеге әкелгенін аңғаруға болады. Көкек ана сәбиін тастың үстіне туып тастап кеткендіктен, бүлдіршін ауыр бас жарақаттарын алып, мерт болған. Жақын маңда қан іздерін де байқауға болады. Соған қарағанда, нәзік жанды баласын туа сала, бой тасалауға асыққан  сыңайлы.  Оқиға орнына дер кезінде жеткен тәртіп сақшылары жақын маңдағы тұрғындардан
сұрақ - жауап алды. Қазіргі таңда Абай аудандық ішкі істер бөлімінің полицейлері шарананың анасын іздестіруде.   
Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*