«TOUR LAB» 6 түрлі мамандық бойынша кәсіби мамандар дайындайды - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » «TOUR LAB» 6 түрлі мамандық бойынша кәсіби мамандар дайындайды

«TOUR LAB» 6 түрлі мамандық бойынша кәсіби мамандар дайындайды

Шымкентте туристік қызметкерлерді даярлайтын зертхана ашылды. «TOUR LAB» оқыту орталығы 6 түрлі мамандық бойынша кәсіби мамандар дайындайды. Орталықта шәкірттер үшін барлық жағдай жасалған. Мәселен, тәлім алушы білікті жаттықтырушыдан үйренгенін іс жүзінде жүзеге асыра алады. Ол үшін арнайы орындар да бар. Ең бастысы оқуын аяқтағандар жұмыссыз қалмайды.

22 жастағы Александра Наканечная «TOUR LAB» оқыту орталығы туралы әлеуметтік желіден біліпті. Дереу осында келіп, шәкірттер тізіміне тіркелдім,-дейді қуанып. Ол болашақта кәсіби бармэн болуды қалайды. Қазір осы бағытта тынбай тер төгіп, ұстаздардың айтқанын ұйып тыңдап жүр. Осында өткізген бір жарым айдың ішінде көп дүниені көкейге түйдім,-дейді ағынан жарылып.

Александра НАКАНЕЧНАЯ

«TOUR LAB» оқу орталығының шәкірті

Мен келешекте шет

елде жұмыс істегім келеді. Себебі ол жақта сервистік қызметтің деңгейі жоғары. Сондай-ақ, мен өзіме жаңа достар табамын. Шет тілдерін үйреніп, білімімді арттырамын. Қорыта айтқанда, шетелде мен үшін өте қызық болатын сияқты.

«TOUR LAB» оқыту орталығының басты мақсаты-туризм саласына кәсіби мамандар даярлау. Сонымен қатар, осы бағыттағы сервистік қызметтің сапасын көтеріп, туристерге күнгейдің қонақжайлығын көрсету. Тағы бір айта кетерлік жайт, орталық өңірдегі маман тапшылығын жоюға мол мүмкіндік береді. Себебі мұндай мекеме Оңтүстік Қазақстан облысында жалғыз.

Гүлмира АҚБЕРДИЕВА

ОҚО „Индустрия мен туризмді дамыту орталығы„ ассоциациясының төрайымы

Біздің орталық көру, есту, іске асыру қағидасымен жұмыс істейді. Себебі бізде барлық жағдай жасалған. Тіпті арнайы бөлмелерде бар. Атап айтар болсақ, бізде қонақ үй бөлмесі, ресторан, ресепшн, гид және бар үстелімен жабдықталған. Даяшы, бармен, ресепшн қызметкері, күтуші мандығының шәкірттері оқумен қатар, үйренгенін іс жүзінде жүзеге асыра алады.

Өңірде туристік бағыттағы қызметкерлердің жетіспеуін жергілікті билік өкілдері де жоққа шығармайды. Оның үстіне күн санап туризм қарқынды даму үстінде,-дейді шенділер. Тағы бір мәселе- соңғы уақытта екі қолға бір күрек таппай сенделетіндердің қатары артпаса, кемитін емес. Ал, осы қиындықтарды шешуге «TOUR LAB» оқыту орталығы үлкен көмегін тигізуде.

Асылбек НАУРЫЗБАЕВ

Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы

Олардың жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары. Өйткені олар нақты жұмыс істейді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы көптеген отельдер және ірі кәсіпорындармен жұмыс істейді. Бұл дегеніміз теориядан бөлек, практикалық іс-шара жүргізе алады.

Мұнда соңғы үш жылдың ішінде 300 кәсіби маман даярланса, соның 100-і жұмыспен қамту орталығынан келгендер. Олар осы көрсеткішпен шектеліп қалмай, келешекте шәкірттер санын арттыруға бекініп отыр. Сондай-ақ, бүгінде түлектердің басым бөлігі қаладағы танымал қонақүйлер мен дәмхаларда тұрақты жұмысқа орналасыпты.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*