Сайрам ауданы білім ұяларындағы жемқорлық дерегі бойынша облыста алдыңғы орында тұр - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » Сайрам ауданы білім ұяларындағы жемқорлық дерегі бойынша облыста алдыңғы орында тұр

Сайрам ауданы білім ұяларындағы жемқорлық дерегі бойынша облыста алдыңғы орында тұр

Білім ұяларындағы жемқорлық дерегі бойынша Сайрам ауданы облыста алдыңғы қатарда тұр. Мақтаралдық ұстаздар аталған өңірден қалысар емес. Мәселен 2015-2017 жылдары жалпы оңтүстіке 55 мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалыпты. Бірақ соған қарамастан кейбір мектеп басшылары заңсыз әрекеттерін тыймаған

Жансейіт Түймебаев

Облыс әкімінің орынбасары

Биылғы 2018 жылдың 5 айында білім саласында 7 сыбайлас жемқорлық тіркелді. Оның төртеуі Сайрам ауданында, екеуі Жетісай қаласында және бір факті Сарығаш ауданында орын алған.

Білім саласындағы жемқорлықты тілге тиек еткен облыс басшысы осындай жағдайларға жол берген шенділердің салғырттығын сынады. Бірақ жиында облыс әкімінің орынбасары айтылған былықтарды жою мақсатында „Цифрлы Қазақстан„ бағдарламасы жасалғанын мәлімдеді. Аталған бағдарлама арқылы қазірдің өзінде қала мектептерінде педагоктар мен мектеп басшыларын ашық конкурс негізінде жұмысқа қабылдау басталып кеткен.

Ұласбек Сәдібеков

Облыс әкімінің орынбасары

Жалпы „Білім туралы Заңынның„ 5-бабында жергілікті әкімдіктерге білім беру ұйымдарын кадрмен қамтамасыз ету жүктелген. Жалпы білім беру ұйымдарында педагок кадрларды қабылдаудың пилоттық жобасы әзірлеуге ҚР білім және ғылым м инистрлігінің келісімі алынып, бүгінгі күні облыс әкімінің қаулы жобасы әзірленуде.

Бұдан былай мектеп директорлығына үміткер интернет желісі арқылы конкурсқа қатысып, бағын сынауға мүмкіндік бар. Оқу орнын бітірген жас мамандар да енді жұмыс іздеп көптеген мекеменің табалдырығын тоздырмай-ақ сайт арқылы электронды өтініш жолдап, іріктеуден өтеді. Жаңа жүйе білім саласындағы сыбайластықты бұғаттауға бағытталып отыр. Жиында аймақ басшысы кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік пен зорлық-зомбылық өршіп тұрғанын айтты.

Жансейіт Түймебаев

Облыс әкімінің орынбасары

Жалпы облыста кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік, суицид және қылмыс оқиғалары, жасөспірімдер арасында зорлық- зомбылық мәселесі өте күрделі..

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың 56,2 пайызы Шымкент қаласында орын алған. Бұл қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда өсіп отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*