Басты » Редакция таңдауы » Ел жүрегі Астанаға-Шырайлы Шымқаладан тарту!

Ел жүрегі Астанаға-Шырайлы Шымқаладан тарту!

Шымкенттік зообақ қызметкерлері Астана күніне арнап жануарлар әлемінің 20 ға жуық түрін тарту етпек. Олардың барлығы дерлік осы саябақтың тыныс тіршілігіне әбден үйренгендер. Хайуанаттар бағындағы тағы бір ерекше бөлімінің куәсі болған көпшілікті тосыннан ұйымдастырылған сый таң қалдырды.

Ел болып аталып өтілетін жылсайынғы дәстүрге айналған мерекеден Шымкенттіктерде құр қалған жоқ. Олар 20 ға жуық хайуанаттарды түрлі-түсті ленталармен әшекейленген темір торларға салып тарту етпек. Салтанатты мерекелік шараға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жиналғандарды алда келе жатқан Астана күнімен құттықтап, зоосаябақ тарихына тоқталып өтті.

Балалармен ересектер демалып, серуен құратын хайуанаттар бағы Сафари атты ерекше бөліммен толықты. Мұнда жануарлардың 10 нан аса түрі мекен етуде. Атап айтар болсақ, «Чампан» зебрасы, Канна, Орикс сынды аңдар бар. Бұрын соңды саябақта болмаған хайуанаттарды Шымкенттік зообаққа келушілер енді жақыннан тамашалай алады.

Сәбилерін жетектеген отбасылар, немерелерімен қол ұстасып, жүздеріне күлкі үйірілген қариялар – саябақтың басты қонақтары екені сөзсіз. Бұрын-соңды көгілдір экраннан, суреттерден көріп қана қоятын хайуанаттарды өз көзімен көру балалар үшін өте таңсық дүние екені жасырын емес. Жануарлар әлемінің қызықты сәттерінің куәсі болған бүлдіршіндер алған әсерлерін бізбен жарыса бөлісті.

АБАЙ БЕКБОЛАТ

қала тұрғыны

Біз бүгін демалыс лагерінен осы хайуанаттар бағына келіп отырмыз.Мұнда аңдардың барлық түрі бар.Біз оларды жақынан көрдік

ҚАРЛЫҒАШ ЖАҚЫП

қала тұрғыны

Жануарлар әлемі біз үшін қызықты.Мен арыстан,жолбарыс,зебра және басқада көптеген жануарлардың қалай мекен ететінін кызықтадым.Бізге тегін балмұздақ таратты.Облыс әкіміне рахмет.

КРИСТИНА КАРЕНИНА

қала тұрғыны

Маған бұл зоопарк ұнайды.Менің сүйікті жануарым керік.Мұнда басқада хайуанаттар өте көп

Зообақта бүгінгі таңда 249 түрлі 2478 бас жан-жануар бар. Мұндағы келушілердің саны өткен жылы 426 мыңға жетсе, ал осы жылдың 3 айында  60 мыңнан астам адам келген. Мұндағы жануарлардың 40 түрі «Қызыл кітапқа» енген. 2020 жылға дейін жан-жануарлар түрін көбейтіп, келушілер санын арттыр жоспарлануда.

МАДИНА АБАЙҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*