Қазығұрт шағын ауданының халқы жолды жабуға бекінді - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » Қазығұрт шағын ауданының халқы жолды жабуға бекінді

Қазығұрт шағын ауданының халқы жолды жабуға бекінді

Халықпен мердігер арық үшін айғайласты. Тартысқан тараптарды тәртіпке салуға тіпті полицияның араласуына тура келді. Жұрт жол құрылысын жүргізген компанияның жұмысына наразы. Айтуларынша, жобада көрсетілген арықтың көлемі тым үлкен. Осының кесірінен көше кішірейіп, әрі жауын-шашынның суы үйге ағуы мүмкін екен. Алайда, мердігер мұның барлығын жоққа шығарды. Заң аясында жұмыс жасап жатырмын – деп арықты ауыстырмайтынын кесіп айтты. Бұған ашуланған тұрғындар техниканың жолын бөгеп, ақыры полиция шақыруға тура келген.

Қошан НАРЫМБАЕВ

Қосмекен көшесінің тұрғыны

Лотоктың үлкенін қойып жатыр. Ертеңгі күні балалар түсіп кетсе немесе оданда басқа ждағдайлар болуы мүмкін. Сондықтан бізге кішкентайын қойып берсін. Басқа дауымыз жоқ.

Ұрыстың шығуына себеп болған арық осы. Ла-3 деп аталады. Жобалаушы мекеме Қосмекен көшесіне осыны тура келеді,-деп шешіпті. Бірақ, тұрғындар арықтың тым үлкен екенін айтады. Ойын баласы құлап кетіп жазым болса кім жауап береді,-дейді ашынған ағайын. Жол құрылысының жобасыда мұндағылардың көңілінен шықпапты. Екі көлік әзер сиятын көше, құрылыс жұмыстары біткеннен кейін, тіпті тарылып қала ма,-деп алаңдаулы.

Жұмағали ҚАБЫЛБЕКОВ

Қосмекен көшесінің тұрғыны

Мына жаққа лотокты салады екенда, мына жағын тауықтың жүнін жұлғандай тастап кетеді екен. Мына жағына бордюр қомастан шолақ қылып кетіп жатыр. Ал, бұлар келіп алып сен менің жұмысымды тоқтаттың, үстіңнен арыз жазып айыппұл салдырам дейді. Халықпен санасып істейтін жұмыс қой бұл.

Мердігер „Арт Құрылыс„-тың айтар өз уәжі бар. Жұмысшылар заң аясында еңбектеніп жатыр. Арық жоба бойынша алынған. Сондықтан оны өзгертуге ешкімнің құқығы жоқ екен. Тағы бір айта кетерлік жайт арық көлемі кішірейгенімен төселетін асфальт өзгеріссіз қала береді.

Қанша тартысса да тараптар бір мәмілеге келе алмады. Ақыры мұнда полиция шақырылып, тұрғындар мен мердігер бір-біріне арыз жазатын болып шешті. Ал, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері арықты ауыстыруды қарастыратын болды.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*