Шымкентте жаз айында жылуға ақы сұрағандар жұрттың ашуын туғызды - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте жаз айында жылуға ақы сұрағандар жұрттың ашуын туғызды

Шымкентте жаз айында жылуға ақы сұрағандар жұрттың ашуын туғызды

Мұндай келеңсіз оқиға жаңадан бой көтерген „Тұран„ шағын ауданында жиі болып тұрады екен. Тұрғындар жергілікті билік өкілдері жасалмаған жұмыс үшін түбіртек жіберіп таң қалдыруын қояр емес,-дейді. Бұлай жалғаса берсе бір күні жаяу жүргеніміз үшін ақша төлейтін шығармыз,-деп ашуланды халық.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

тілші

Бұл аты дардай „Нұрлы жер„ бағдарламасы аясында бой көтерген „Тұран„ шағын ауданы. Бірақ жергілікті жұрт бұл жерді „Барса келмес„ деп атайды екен. Олай деуге себеп те жоқ емес. Өйткені мұнда автобуста, автобус жүретін жолда жоқ. Жұрт қордаланған мәселенің біреуін шешемін деп жүргенде қоқыс дейтін тағы бір қиындыққа тап болыпты. Айтуларынша, тазалыққа жауапты мекеме мұндағыларды күштеп келісім шартқа тұрғызып жатыр екен. Келіспегендерді қорқытып үркітіпті.

Рая МАНҚАРАЕВА

Тұран„ Ш/А тұрғыны

Демалыс күні мусордың екі қызы келді. Мен қызметтік куәліктерін сұрап едім, біреуі берді екіншісі көрсетпеді. Маған майдан бастап договорға тұрасыңдар деді. Қол қойып бердім. Қарасам менің договорымда число бар, өздерінікінде жоқ.

Айтуларынша, тазалыққа жауапты мекеме қоқыс жәшіктерін таяуда қойыпты. Бұған дейін тұрмыс қалдықтарын тұрғындар өз көліктерімен тасып келген. Мұны тиісті орындар білсе де, білмеген боп жұртты өткен күнмен келісім-шартқа тұрғызбақ болған.

Гаухар ЛЕСБЕКОВА

Тұран„ Ш/А тұрғыны

Мен өзім август айында көшіп келдім. Ол кезде бізде мусорный бак болмады ғой. Енді келіп бізге августен бастап договорға тұрасыңдар дейді. Сонда бұл қалай? Ол кезде мусорный бак болмады ғой.

Тұранның тұрғындары бұданда басқа жасалмаған жұмысқа ақы төлейді екен. Мәселен, үйлердің кіреберісіне орнатылған бейнебақылау камералары, подьезд тазалығы, жасыл желекті суару секілді. Мұның барлығы тегін емес. Бірақ, осы аталған жұмыстардың бірі де мұнда жасалып жатқан жоқ. Жұрт не үшін ақша төлеуі керек деген сауал тастадық Пәтер иелерінің кооператив төрағасына. Ол болса барлығы заң аясында, тіпті керек болса қураған ағашты тірілтемін,-деп айды аспаннан бірақ шығарды.

Тірілтеміз, тіріледі. – Мынаның барлығы ма? – Иә

Қураған шырша ағашының тірілуі екіталай. Бірақ уәде берілді нәтижесін алдағы уақытта көреміз. Енді кезекті мәселеге көшейік. Шағын ауданның аты әкімдіктегілер үшін „Тұран„. Бірақ, халық Барса келмес дейді екен. Себебі басты жолдың сиқы мынау. Жауаптылар жасап береміз,-деп уәдені үйіп-төккен. Әзірге сөз жүзінде. Сондықтан, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі автобус жүргізе алмай отыр.

Наурыз СҮГІРӘЛИЕВ

Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі

Жол қалай салынады, солай автобус жүргізуді қарастырамыз.

Бұл жағдайды реттеуге қауқары жететін тікелей жауапты мекемеден сұхбат ала-алмадық. Өйткені, мамандары миллионды қаланың миллион мәселесімен басы қатып жүр екен. Сондықтан „Барса келместің„ жағдайы қашан дұрысталары белгісіз.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*