Шымкентте 12 жасар бала көлік астына түсіп аман қалды - Шымкент жаналықтары
Басты » 13 Аймақ » Шымкентте 12 жасар бала көлік астына түсіп аман қалды

Шымкентте 12 жасар бала көлік астына түсіп аман қалды

Оқиға кеше сағат 16;00 Қаратау ауданында орын алды. Жасөспірімді абайсызда таптап кеткен жүргізуші оқиға орнынан із суытқан. Жасөспірімнің жағдайы қазір орташа. Дәрігерлер оның өміріне ешқандай қауіп жоқ дейді.

Оқиға Арғынбеков пен Жібек жолы көшелерінің қиылысында орын алды. Жол жиегінде тоқтап тұрған Тайота көлігі кенет артқа қарай қозғалады. Осы кезде алаңсыз ойнап жүрген 12 жасар бала темір тұлпардың артында тұрып қалған. Жеткіншекті байқамаған жүргізуші балақайды басып, үстінен бірнеше метр жүріп өткен. Дәл осы көрініс сол маңдағы бейне камералардың біріне түсіп қалыпты. Абдырап қалған жүргізуші жәбірленушінің қолынан демеп тұрғызған. Алғашқыда жасөспірім ауыр жарақат алмағандай көрінгенімен бірнеше минут өткеннен соң оған ауа жетпей талып құлайды.

Кеше 12-не сағат 5-тер шамасында 12 жасар бала жансақтау бөліміне түсті жол апатынан кейін. Оны белгісіз машина қағып кеткен. Бірінші дәрежелі бас ми жарақатын алған. Сондайақ, сол жақтағы үш қабырғасы сынған.

Қазір жасөспірімнің жағдайын дәрігерлер орташа деп бағалап отыр. Он күндей осында ем алады. Ал көлік жүргізушісі оқиға орнынан сол мезете-ақ кетіп қалған. Жәбірленушінің ата-анасы ұлдарының бір ажалдан аман қалғанына шүкіршілік етеді. Бірақ болған жағдай үшін кешірім сұрап, баласының сауығуына қол ұшын бермей із-түзсіз кетіп қалған жүргізушінің қылығына ашулы.

Махметова Гүлшехра

Жәбірленушінің анасы

Балалар жүгіріп келді де балаңыз өліп қалды деп айтқанда ештеңені аңғармай тұрып қалдым. Әзілдеген болар деп ойладым алғашқыда. Сөйтсем бір топ бала ес-түссіз жатқан ұлымды көтеріп келе жатыр. Лезде жедел жәрдеммен ауруханаға алып бардық. Кешкісін көрші үйдегі камерадан болған жайды көрдік. Барлық мәліметтерді полицейлер алып кетті. Көлігімен баламның үстіне түсіп шыққан ғой. Жүргізуші ұлымды қорқытып болған жағдайды үйіңдегілерге айтпа, жоғарыдан құлап түстім деп айта сал деп қашып кеткен.

Махамедовтар отбасы кінәлі жүргізуші ұсталып, жазаланғанын қалайды. Ат алған іс созбалаңға салынып, күдікті жазадан сытылып кете ме деп арнамызға шағымданып отыр. Тәртіп сақшылары қазір күдіктіге іздеу жариялапты.

Ерлан Отарбаев

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*