Басты » Редакция таңдауы » Жедел медициналық жәрдем станциялары су жаңа көліктермен толықты

Жедел медициналық жәрдем станциялары су жаңа көліктермен толықты

Оңтүстік Қазақстан облысы ауруханаларының жедел медициналық жәрдем станциялары су жаңа көліктермен толықты. Облыс басшысы Жансейіт Түймебаев 47 бірдей жедел жәрдем көлігінің кілтін табыстады.Пайдалануға берілген автокөліктер заман талабына сай жарақталған. Мұнда жүрек талмасы, инсульт, жолдағы жарақаттану кезіндегі алғашқы көмек көрсетуге қажетті барлық құралдармен жабдықталған.

Облысымыздағы емханалар биыл екінші рет жедел жәрдем көліктерімен толығып отыр. Оның жартысы шаһарда қалса, қалғаны шалғай аудандарға жіберіледі. Іші толықтай заманауи қондырғылармен жабдықталған. Жол үстінде келе жатып-ақ науқастарға алғашқы көмек көрсетуге болады.

Жедел жәрдем көлігімен қамтылғандардың ішінде Арыс аудандық орталық ауруханасы да бар. Емхана қызметкерлері енді медициналық көмек көрсету сапасы одан әрі арта түсетіндігін айтуда. Себебі оларға бұған дейін жедел жәрдем көлігінің жетіспеушілігі, қиындық туғызған көрінеді.

ЕРҒАЛИ АЛИМБАЕВ

АРЫС АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ

Бүгін біздер үшін қуанышты жағдай орын алып отыр. Жедел жәрдем көлігін алып жатқан жайымыз бар. Жалпы ауданымызда халыққа 5 бригада көмек көрсетеді. Жылдан жылға медицина саласы дамып келе жатыр

Алғашқы медициналық көмекті дамыту, тұрғындардың денінің саулығын арттыру мемлекет жүктеген басым бағыттарының бірі. Өңірде бұл салада ауқымды істер атқарылуда. Аймақ басшысы ұлт саулығын қамтамсыз ететін жедел жәрдем қызметін жетілдіріп,алғашқы көмектің деңгейін жоғарлату мақсатында оң ықпалын тигізетінін атап өтті.

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ

ОБЛЫС ӘКІМІ

Мінекей 3000 аса дәрігер 25000аса медбике қызметкерлері 3млн халыққа қызмет көрсету бұл үлкен жауапты іс.Осындай ауқымды тындырымды қызмет атқарып жатқан медицина қызметкерлерін шын жүректен мерекемен құттықтаймын.Адамға ең керегі өмір мен денсаулық.Сол денсаулықты сақтайытын осы мед қызметкерлеріміз

Ауыра қалсақ алдымен ақ халатты жабзал жандарды іздейміз деген облыс әкімі мамандармен бірге жедел жәрдем көліктерін аралап, ондағы жаңашылдықтармен танысты.

Қалалық жедел медициналық жәрдем көрсету стансасының диспетчерлеріне тәулігіне 2 мыңнан астам шақырту түседі. Бүгінгі таңда шақыртулар бойынша 19 бекеттегі 81 бригада қалалықтарға қызмет көрсетуде. Дәрігерлердің есебі бойынша, көрші аудандардан қосылған ауылдардың халық санын ескергенде, қажеттілік 100 бригададан асады деп отыр. Кезекшілер қоңырау шалғандар науқастың ауру белгілерін нақты айтып, мекен жайын дұрыс түсіндірсе, тиісті жәрдем жедел жетеді дейді.

Мадина Абайқызы

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*