Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте 15 отбасы баспаналы болды

Шымкентте 15 отбасы баспаналы болды

Осылайша тұрғындар қос мерекенің қуанышына кенеліп отыр. Қасиетті айт мейрамында атқа мінерлер көпшілікке көптен күткен көп қабатты үйдің кілтін табыстады. Шахарда шаңырағы шаттыққа кенелген отбасылардың қуанышымен бөлісіп қайтқан әріптесім Мадина Абайқызы тарқатсын.

Бұл Астананың мерейлі мерекесіне орай тұрғызылған Астана гүлзары лентасының қиылуы. Елді мекен Шымкент қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлер орналасақан алғашқы мөлтек аудан. Салтанатты шараға арнайы ат басын бұрған аймақ басшысы алдымен қала халқын қасиетті айт мерекесімен құттықтады. „Бұл қуаныштың басы ғана, алдағы уақытта тұрғын үй кезегінделерде баспанаға қол жеткізетін болады.

Нұрсәт шағын ауданынан пәтер кілтін алғандардың бірі Динара Дұрманова. Көпбалалы ана бұл баспананы 15 жыл бойы күткен. Бұған дейін жалдамалы пәтер табалдырығын тоздырған ол ақыры баспаналы болу бақытына қол жеткізді.

Құтты қоныстарына қол жеткізгендердің басым көпшгілігі көп балалы аналар, жетімдер мен әлеуметтік жағынан нашар қамтылған отбасылар. Быил тағы 1152 азамат тұрғын үймен қамтылмақ.

ГҮЛЬНАРА АШИРБАЕВА

Шымкент қалалық тұрғын үй қатынастары бөлім басшысының орынбасары.

Өздеріңіз көріп отырғандай кезекке тұрған азаматтар үймен қамтылуда.Алдағы уақытта 1152 азамат баспаналы болады деп күтілуде.Бұл жұмыстар жоспар бойынша кезең кезеңімен іске аспақ

Шымкентте былтыр 4289 пәтерлі 69 үй пайдалануға берілсе, биыл 2833 пәтер ел игілігіне тапсырылмақ. Мамандардың айтуынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтардың 80 пайызын жалға берілетін баспанамен қамтамасыз ету үшін жыл сайын 3000 пәтер пайдалануға берілуі керек екен. Кезектегі азаматтардың қалған 20 пайызын несиелік тұрғын үйлермен қамту мүмкіндігі бар деп отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*