Басты » Мәдениет » Ұмытылған дәстүр қайта жаңғырып, 1 тонна қымыз ішілді

Ұмытылған дәстүр қайта жаңғырып, 1 тонна қымыз ішілді

Өткенге үңілтер, салт-сананы түгендер шараның бірі Бәйдібек ауданында аталып өтілді. Қымызмұрындық тойында 15-тен астам киіз үй тігіліп, 7 мың адам 1 тонна қымыздың әр түрінен дәм татты. Ұлттық ойындар ұлықталып, дәстүрлі әндер әуеледі.

Қымызмұрындық — бие байлап, жаздағы алғашқы қымызды ішу тойы. Бұрындары ата-бабаларымыз ақсақалдар мен көрші — қолаңды шақырып, көпке бұйырсын деп тілек білдірген. Осы арқылы қазақ халқының мәрттігі, жомарттығын танытқан. Ал, дәл осы деректерді облысымыздың талантты әртістері қойылым арқылы назарларыңызға ұсынады.

Сабаларың толып, дастархандарыңнан дәм айырылмай, қымыздарың мол болсын

Өткенге оралтқан қойылым, тайбұрылдай тулаған сәйгүліктердің шеруімен жалғасты. Қамбар ата түлігін баптағандар, қазанаттың сұлулығын байқатып, мықтылығын танытты. Жүрек жұтқандар, тұяғы жерге тимей шапқан тұлпармен күрделі қимылдар көрсетті. Көптің көзайымына айналғандар ұлттық спорт түрлерін насихаттады. Қымыз баптаушылардың өнері жиналғандарды тәнті етті. Ауруға ем, сауға қуат берген„ ұлттық сусынның сан түрін әкелгендер, қымыздың қасиетін тереңінен аңдатты. Осылайша, 15 үміткердің ішіннен түлкібастық Мұхтар Ибрагимов үздік деп танылды. Ол, байқауға саумал, құнан, түнемелі, қан қымыз әкелді.

Мұхтар Ибрагимов

Саумал қымыздың емдік қасиеті бар. Бруцилез, туберкулез ауруларына ем. 10 ай ауруханада жататындарды 1 айдың ішінде ауырмайтындай етеміз. Шұрайлы Түлкібас ауданында 1700 түрлі шөп өседі. Оның 250 түрі дәрілік шөптер. Оны жегеннен соң қымыздың қасиеті бөлек болады. Емдік қаиеті де бөлек болады.

Көптің көңілін мешкейлер жарысы елітті. 15 ауданнан жиналған апайтөстер қымыз ішуден сынға түсті. Үміткерлер бал татыған сусынды ең азы 8 кеседен үздіксіз ішті.. Ең жоғары көрсеткішті арыстық Алмас Жаманқұлов тіркеп, 5 литр қымызды жалғыз өзі аяқтады.

Облыста 340 мыңға жуық жылқы бар. Алайда, қымызды баптап, шетелге экспорттау екшелеп тұр. Облыс әкімі салтанатты тойда өз брендімізді асқақтатып, қолға алуға шақырды.

Жансейіт Түймебаев

ОҚО әкімі

Қымызды Қазақстан емес Германияда шығарып, өндірістік жолға қойып отыр. Одан неше түрлі косметика жасап жатыр. Шұбаттан да солай. Ал, біз сауған қымызымызды астанаға жеткізе алмай жатырмыз. Барғанша атылып кетеді. Яғни, біз енді осыны өндірістік салаға қоюымыз қажет.

Жиналғандар, мұндай дүбірлі тойды бұрын соңды көрмегенін жарыса айтты. Рухани байып, қаперлерінде мәңгілік сақталарын да тілдеріне тиек етті.

Мейрамгүл Ормаханова

Бұл Менің өмірбақи есімиде қалады. Алдағы уақытта да жалғасын тапсын. Керемет көңіл-күйде кетіп барамын

Мен бірінші рет көріп тұрмын. Өте жақсы әсердемін. Маған ұнайды қазақтың ұлттық ойыны бәрі

Таңшолпан Нышанбай

тілші

Ұлт құндылығы ұлықталған сәтті 7 мыңнан астам адам ташалады. Олар 1 тоннаға жуық қымыздың дәмін татты, кербез сәйгүліктердің шеруін тамашалап, алтыбақан тепті. Осылайша, 1 күнге созылған қымызмұрындық тойы өз мәресіне жетті.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*