Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте оқу орнының жатақханаларында заңсыз тұрып келгендер анықталды

Шымкентте оқу орнының жатақханаларында заңсыз тұрып келгендер анықталды

Оған тексеру жүргізген жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары көз жеткізді. Заңсыздыққа жол берген бірқатар басшыларға тиісті шара қолданылды. Студенттер үйіннің ішкі тәртібіне үңілген өкілетті орган тәлімгерлерді жемқорлыққа қарсы бірге күресуге шақырды.

Арнайы құрылған мониторингтік жұмыс тобы қазіргі таңда облыстағы оқу орындарының жатақханасын аралауда. Оның құрамында жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің облыстық департаменті қызметкерлері және болгерлер мен журналистер бар. Бұл мамандардың міндеті студенттер үйіндегі кемшіліктерді тауып, орын алған заңсыздықтарға қарсы шара қолдану. Жұмыс тобының өкілдері Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжін аралау барасында студенттердің жатақханада келісім-шартсыз және құжатсыз тұрып келгендігін анықтады. Осы жағдайға байланысты оқу орнының жауапты қызметкерлерінің бірі сөгіс алып, тағы біріне тәртіптік жазаға тағайындалды.

Ғабит Жүндібаев

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО департаментінің бас маманы

Жатақханаларды аралау барысында заңсыз жайттар шықты. Мәселен құжаты жоқ адамдар да болды. Сондай-ақ келісім шарт жасамай тұрып жатқандар да анықталды. Бұл деректердің барлығын басшыларына ұсыныс жасап, заңсыздықтың алдын аламыз.

Мониторингтік топтың топтың осылай жатақханаларды жіті тексеруінің жөні бар. Себебі дәл қазір көптеген жоғары оқу орындарында тәлімгерлер жарты жыл бойы алған білімін дәлелдеп, сынақ тасырып жатыр. Құзырлы орган қызметкерлері емтихан кезінде жемқорлық әрекеттері орын алатынын жоққа шығармайды. Сондықтан олар тәлімгерлерді жең ұшынан жалғасқан әрекетпен бірге күресуге шақырды.

Жазира Сарсенова

М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің студенті

Сесияны студен ең алдымен өз күшімен тапсырғаны абзал. Себебі бұл білімнің ең сыналатын уақыты. Білім келешек үшін ең керек дүние.

Қазір жазғы демалыс болғандықтан жатақханалардың жартысы қаңырап бос тұр. Соған қарамастан арнайы жұмыс тобы тәлімгерлер үйін тексеруді жалғастырып, заң бұзғандардың барлығы жазасыз қалмайды деп отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*