Басты » Редакция таңдауы » «Алға басу-Движение вперед»

«Алға басу-Движение вперед»

«Алға басу-Движение вперед» Шымкентте өткен қайырымдылық марафоны осылай аталды. Игі шараға мемлекеттік қызметкерлер қатысып, белсенділік танытты. Марафоннан жиналған қаржы ауыр дертке шалдыққан балаларды емдеуге жұмсалады.

Жүйріктер мамафоны Дендрологиялық саябақ алаңында басталды. Олар жаттығулар жасап, жартыстың алдында денелерін қыздырып алды. Марафонға қатысушыларға әр түрлі қашықтықтар белгілеген. Желаяқтар барлық қашықтықты бағындыруға тырысты.

ГҮЛЖАЗИРА ҚАСЫМОВА

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ІШКІ ІСТЕР ДЕПАРТЕМЕНТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Біз қолымыздан келгенше ем қонбайтын балалардың сауығып кетуіне көмек көрсеткіміз келеді. Дайындығымыз жақсы.Мәреге бірінші болып жетуге тырысамыз.

ДУЛАТ ЕСІРКЕП-ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ОҚО ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Бұл шара жайлы барлығымыз білеміз.Алдын ала дайындалдық. Өзім тұрақты спортпен айналысушылар қатарындамын.

Спорттық шарада ерлер 2,5 және әйелдер 1,5 км қашықтықта өзара бақ сынасты. Сонымен қатар жас ерекшеліктеріне қарай 30жасқа дейінгілер,30бен 40жас аралығындағылар сондай ақ 40тан жоғары болып белгіленді.Жаттықтырушы алдымен қатысушыларға марафонның ережелерімен таныстырып өтті.

Марафонның негізгі мақсаты — мемлекет қызметкерлерін жұмылдыра отырып,қайырымдылық акциясын өткізіп,сырқат балаларға қаржылай көмек көрсету. Сала мамандарының айтуынша спорттық шара мемлекеттік қызмет органдарының 20 жыл толуына және мемлекеттік қызметшілер күніне орай ұйымдастырылып отыр.

АЙБЕК ШІЛМАНОВ

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ОҚО ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Бүгін өткізіліп отырған шара қайырымдылық акциясы.Спорт жарысының негізгі мақсаты мемлекет қызметкерлерінен түскен жарнаны ауру балалардың еміне жұмсау.Оларға қаржылай көмек көрсету

Шымкент қаласы Дендросаябағы алдынан бастау алған марафонда жеңіс тұғырынан көрінген Нұрбақыт Амангелдиев белгеленген қашықтықты еш қиындықсыз жүгіріп өтті.Ол бұрын соңды спортпен айналысуды дәстүрге айналдырмасада күнделікті жұмыстан тыс уақытын спорт жаттығуларына арнайтын көрінеді.

НҰРБАҚЫТ АМАНГЕЛДИЕВ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ

Жүгірумен тұрақты түрде айналыспасамда өзім спорт жаттығуларына уақыт бөліп тұрам.Бүгінгі жеңіске жетуімнің ешқандай сыры жоқ.Бастысы сабырмен жүгіріп отырдым.Мақсат болса біз бағындырмайтын белес жоқ.

Бір стартпен бір күнде, бір уақытта облыс орталықтарында Астана мен Алматы қалалаында өткізілген марафон Республикамыздың барлық өңірлерінде өз қолдауын тапты. Аталған шараға 250 – ден астам мемлекет қызметкер қатысты. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

МАДИНА АБАЙҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*