Басты » Редакция таңдауы » Прокурордан көмек сұраған халықтың мәселесі қараусыз қалмады

Прокурордан көмек сұраған халықтың мәселесі қараусыз қалмады

Бәйдібек ауданындағы мал ұрлығына қатысты Ішкі істер департаменті пікір білдірді. Тәртіп сақшыларының таратқан ақпаратына сүйенсек қазіргі таңда барымтаға қатысы бар деген күдікпен Сарқырама ауылының тұрғыны ұсталған. Тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік, Бәйдібек ауданына қарасты 5 ауылдың тұрғыны төрт түліктің түгін қалдырмаған барымташыны ұстап, өздері жазаламақ болған еді.

Бәйдібек ауданының құзырлы орындарына сенбей, өңірдің бас прокурорынан көмек сұрай келген қараша халықтың мәселесі қараусыз қалмады. Өйткені, Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті жағдайды дереу бақылауға алған. Сөйтіп, араға бірнеше тәулік салып, ауылдағы ағайынның малын жымқырды деген күдікпен жергілікті тұрғын тәртіп сақшыларының құрығына ілігіпті.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы

Ізін суытпай полиция қызметкерлері 14 малды анықтап, қазіргі таңда қожайындарына тапсырды. Ал, күдікті ретінде сол ауылдың тұрғыны ұсталды.

Естеріңізге сала кетейік 15 маусым күні барымташы бар малымыздан айырды,-деп ашынған жұрт арнамызға арызданған еді. Бәйдібек ауданына қарасты 5 аулдың халқы ұрлықты аталас ағайындарының істегенін айтып, шу көтерген болатын. Тіпті тұрғындар тәртіп сақшыларының шара көретініне сенбей, айыптының жазасын өзіміз кесеміз,-деп бұлқан-талқан болды.

Менің төрт жылқымды осы алған. Сол малдарым жоғалған күні түнде қасыңызда Рамазан деген кісі болған, екеуіңіз қырда жүргенсіздер. Оны мына халықтың барлығы көрген. Мен бұлай қалдырмаймын. Соңына дейін барамын.

Елдің осы азамттан күдіктенуіне себеп бар. Өйткені осыдан бір апта бұрын ауылда жоғалған 14 бас мал, халық қаралап жатқан азаматтың қорасына табылыпты. Алайда, ол мұның барлығын жоққа шығарып, мойынына алмады.

Мен көрмеген жерді сен көріп қойғансың. Сен өзіңе жауап бер.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК „Ұрлық„ бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*