Басты » Тараусыз » Қазақстанда 7 мыңнан астам адам өзіне қол салмақ болған

Қазақстанда 7 мыңнан астам адам өзіне қол салмақ болған

Өткен жылы Қазақстанда 7 мыңнан астам адам өзіне қол салмақ болған. Осы көрсеткішпен еліміз әлемдегі ондықтың қатарына еніпті. Мамандар мұндай жағдайларды болдырмас үшін түрлі іс-шараларды қолға алған. Атап айтар болсақ, „Білім Фоундейшн„ қоры түрлі аймақтарда суицид тақырыбында шеберлік сағаттарын өткізіп жатыр. Бұл жолы қор мамандары қаладағы №3 емханада бас қосты. Жиынға білім басқармасына қарасты мекемелерден және медицина саласының қызметкерлері қатысты.

Владимир ХОН

жаттықтырушы

Бүгін біз қаладағы мецдицина ұйымдарының басшыларын жинадық. Оларға баланың және жасөспірімнің психикалық саулығының маңыздылығын түсіндіргіміз келеді. Мәселен, біз семинар өткізген өзге облыстарда өзіне қол салу фактісінің айтарлықтай азайғаны байқалады.

Жалпы, бұл бағытта 2019 жылға қарай 350 дәрігерді дайындықтан өткізу жоспарлануда. Жоспар жүзеге асса елімізде суицидке баратын жастардың қатары азаймақ. Себебі, Оңтүстікте 2015-2018 жылдар аралығында өзіне қол салуға оқталған 205 жағдай тіркеліпті. Өкінішке орай оның 144-ін аман алып қалу мүмкін болмаған. Осы көрсеткіш бойынша Оңтүстік өңірі республика бойынша 8-9 орыннан көрінген.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*