Түркістандық прокурор 10 жылға бас бостандығынан айырылды - Шымкент жаналықтары
Басты » 13 Аймақ » Түркістандық прокурор 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Түркістандық прокурор 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Енді ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді. Толығырақ тілші тарқатады.

Түркістан қаласының прокуроры Махат Зұлпыхаров Жер ғылыми өндірістік орталығының басшысы Көпбаевтан қорқыту жолымен 100 мың АҚШ долларын делдал арқылы бірнеше рет алған. Бұдан бөлек, 8 млнды құрайтын 5 жер телімін пара ретінде алып, қылмысқа барған. Оның бұл әрекеті әшкере болып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай ақ, брифинг барысында тіркеу емтихан бөлімінің 38 тұлғасына қатысты іс, облыстық қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскені мәлім болды. Қазіргі таңда қылмыстық іс 1500 – ден астам томды құраған. Алайда, бар жоғы 362 том ғана сотқа жеткізілген.

Бұдан бөлек, аудандық соттарда қоғамдық пікір тудырған қылмыстық істерге қатысты мәліметтер таратылды. Соның бірі, Төлеби аудандық сотында қаралуда. Нақтырақ айтар болсақ, „Леңгір Су„ мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының мамандары, ауыл шаруашылығы саласына қатысты жұмыстар бойынша сметалық құжаттар дайындап, қаражатты ұлғайтып жазған. Нәтижесінде, мемлекеттің қаржысы талан – таражға түсіп, 344 млн теңгедей шығын келген.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*