Басты » Редакция таңдауы » ЖОҒАЛҒАН ҚЫЗДАР ТАБЫЛДЫ

ЖОҒАЛҒАН ҚЫЗДАР ТАБЫЛДЫ

43 орта мектептің тоғызыншы сыныбында оқитын екі қыз мектепке кетіп, қайта үйлеріне оралмаған. Оқиға үшінші сәуір күні орыналғанымен қаздардың жоғалып кеткені тек бір күннен кейін ғана белгілі болыпты. Шәкірттерінің сабаққа не үшін келмегенін білу мақсатымен олардың ата-аналарына хабарласқан ұстаздар,екі қыздың да үйінде түнемегенін анықтапты.

     Мектеп директорының орынбасары алғашында болған оқиғадан бейхабармын деп сұхбат беруден бас тартты. Дегенмен, сабасына түсіп, шынында да қыздардың жоғалғанын растады. Қыздардың жоғалғаны жөнінде полицияға 4 сәуір күні хабарлама түскен. Шұғыл іздестіру шаралары барысында мектеп оқушылары қаладағы саябақтардың бірінен табылған. Сұрастыру кезінде анықталғаны белгісіз үш азамат оларды зорлық зомбылық көрсетіпті.

     Қазіргі таңда аталған іске қатысты ҚР ҚК 122 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*