Басты » Редакция таңдауы » «МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЙЫЗЫ ТҮРКІСТАНДА

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ» ПОЙЫЗЫ ТҮРКІСТАНДА

     «Менің Қазақстаным» пойызы 1 ай көлемінде қазақстан бойынша 29 елді мекенді аралап, бас қаламыз Астанаға 22 сәуірде жетуі тиіс. 13 станция киелі Түркістан өңіріне келіп ат басын тіреді. Мұндағы барша тұрғындар мен жауапты мамандар оңтүстік өңіріне келген делегаттарды ыстық ықыласпен қарсы қарсы алды.

     Айта кетейік, пойыз құрамында елімізге танымал тұлғалар мен, өнер майталмандары, түрлі саладағы қызметкерлер бар. Олардың барлығы да көмекке мұқтаж жандар мен, әлеуеті нашар жандарға қол үшін беруге келген. Мәселен, Парламенті мәжілісінің депутаты, Розақұл Халмұрадов қоғамдық қабылдау өткізіп, 1 жарым сағатта 10 түркістандық тұрғындарды қабылдады. Мұнан соң, денсаулығы нашар жандарға көмек көрсетіліп, көптеген кеңестер берілді. Қазақстан бойынша 18 білікті дәрігер 2 сағат аралығында 200 ден астам жергілікті азаматты қабылдады. Солардың бірі, кішкентай 2 жасар бүлдіршін Эльвира Замирбаева болды. Жасынан асқан соң баласының дисплазия екенін білгенін ата ана бүгінгі қабылдауды есітіп, асыға келіпті. Акцияның ұйымдастырылу барысы бойынша кезек брифингке келді. Мұнда ат терлетіп келген депуттатармен, ассамблея мүшелері, Қазақстан Республикасының еңбек сңірген қайраткерлері мен БАҚ өкілдері бас қосып, пікір алмасты. Тілшілер қауымы көкейлеріндегі сұрақтарына тұшымды жауаптарын алды. Шара соңы концерттік бағдарлама мен жастардың флешмобымен жалғасты.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*