Басты » Мәдениет » Облыс әкімі үздік БАҚ өкілдерін марапаттады

Облыс әкімі үздік БАҚ өкілдерін марапаттады

Шұғыл әрі шынайы ақпарат таратып, көрерменге салиқалы ой тастап жүрген журналистер қауымына алғысын білдірді. Мерекелік кеште журналистер „Облысқа сіңірген еңбегі үшін” медалімен марапатталып, қошеметке кенелді. Марапат иелерінің арасында ТВК телеарнасының тілшілері бар.

Облыстың иммиджін қалыптастыруда тілшілердің алар орны ерек. Қаламын қару еткендер қиындықтан қаймықпай, кез-келген жайттан сескенбейді. Аудан-ауылды аралап, бұқараның базынасын тыңдап, шешуге ұйытқы болады. Облыс әкімімен қыстың суығы, жаздың ыстығына қарамастан, өңірдің әр түкпірін аралайды. Сан саланы қамтып, тұшымды ақпар таратады. БАҚ қызметкерлері күнінде облыс әкімі тілшілердің еңбекқорлығын қуана айтты.

Бұл күні БАҚ қызметкерлерінің қуанышы еселенді. Мереке тау баурайында, саф ауада ерекше аталып өтілді. Еңбегі еленген төртінші билік өкілдері марапатқа ие болып, қуанышқа кенелді. Облыстың ең үздік арнасы анықталып, атқарылған жұмыс нәтижесін берді. Қошеметке бөленгендер сапында ТВК арнасының тілшілері де бар. Жанболат Малаев, Таңшолпан Нышанбай, Нұргүл Жолымбетова, Надежда Вербицкая өңір басшысы мен облыстық Нұр Отан партиясының алғыс хатын еншіледі.

Сондай-ақ, тәжірибелі, үздік журналистер „Облысқа сіңірген еңбегі үшін” медалімен марапатталды. Өнерлерін ел насихаттаған БАҚ өкілдерін жергілікті талант иелері де құттықтай келді. Әсем әндерін айттып, би билеп, мерекенің сәнін келтірді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*