Басты » Редакция таңдауы » Шілденің шіліңгір ауа-райы алқымнан алды…

Шілденің шіліңгір ауа-райы алқымнан алды…

 

Аптап ыстықтан қиналған жұрт жедел жәрдем қызметіне жүгінуде. Күн көзінің 40 градустан жоғарылауы ақ халаттыларды да әуре-сарсаңға салуда. Себебі дәл қазір қалалық жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 2000 жуық хабарлама түсуде. Оның дені ыстықтан қажыған тұрғындар тарапынан сағылған қоңырау.

Шілде айы басталып ауа райы 40 градустан жоғарыласымен қаладағы Жедел жәрдем қызметінің СаII орталығына тыным жоқ. Аптап ыстықтан денсаулығы сыр берген қалалықтар бірден осында хабарласып ақ халаттылардың көмегіне жүгінуде. Шұғыл көмекке шақыратындардың барлығына дер кезінде қызмет көрсету мұндағыларды біраз титықтатып тастады. Ыстық ауа-райына шыменттіктердің әбден еті үйренгенімен шілденің ми қайнатар ыстығы жұрттың біразын қиын жағдайға қалдыруда. Сол себепті жедел жәрдемге қоңырау соққандардың көбінің басынан күн өтіп, дәрігерлерге қаралуда.

Гүлбану Жаппар

Оперативтік бөлімінің меңгерушісі Қазір шақыртулар саны тәулігіне 1700-1800 құрайды. Шақыртулардың 20 пайыздайын. Жоғары тыныс жолдары ауруы құрайды. Яғни аптап ыстықтан тұрғындар салқын су м ен балмұздақты жегендіктен ауру асқынуда. Ал қалған 15-16 пайызын жүрек қан тамырлары ауруымен ауыратындар құрап жатыр. Сондай-ақ ішек жолдары инфекциясы бойынша да қоңырау шалатындар бар.

Мамандар аптап ыстық кезінде тұрғындарға қауіпсіздік шараларын қолға алуға кеңес береді. Мәселен тұрғындар үйден күн көзіне шығар кезде міндетті түрде өзімен бірге бөтелкемен ауыз су алып жүру керек деп кеңес береді. Сондай-ақ күнннен қорғайтын арнайы жақпа майларын пайдалануды ұмытпауы қажет. Өз кезегінде бас киім мен қара түсті көзілдірік киіп алу да аптаптан тиімді қорғайды. Қазір күндізгі қапырықтан бас сауғалаған қала тұрғындары су бұрқақтары мен жасыл желекті саялауға мәжбүр.

Дәл осындай аптап ыстық әлемнің көптеген елін шарпып жатыр. Қазір Баку, Тбилиси, Ереван қалалары мен Ресейдің оңтүстік өңірінде ауа-райы рекордтық көрсеткішке жетті. Климаттың күр ысуынан көз жұмған адамдар да бар. Мәселен Канадада аптап ыстықтың кесірінен 18 адам мерт болды. .

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*