Басты » Редакция таңдауы » Синоптиктер аптап ыстықтың жалғасатын ескертуде

Синоптиктер аптап ыстықтың жалғасатын ескертуде

Түркістан облысының кей аудандарында сынап бағанасы 45 градусқа жетуі мүмкін. Мамандар жүрек, қан тамыр аурулары және сусамырмен ауыратын науқастар үшін өте қауіпті екенін айтуда. Осыған байланысты ауа райын болжаушылар ескерту жариялауда.

Шымкентте сынап бағанасы 45 градусқа дейін көтерілуде. Өңірдің оңтүстік бөлігі Мақтарал ауданында одан да жоғары көрсеткішке жеткен.Мамандар бұл циклонды ысқтық ауа атмосферасының айналмай бір орында тұрып қалуынан дейді. Яғни қазіргі таңда Түркия,Ташкент сынды шет мемлекеттерде осы қалыптағы ауа райы уақытша сақталуда.Алайда сала мамандары бұл жоғары көрсеткішті ауа райының жаз айына тән қалыпты құбылыс дейді

АРАЙЛЫМ МАХАНОВА

ИНЖИНЕР СИНОПТИК

Облысымыз төменгі қысымның аз градиенті алқабында орналасқандықтан құрғақ ауа райы сақталып отыр.Бұл қатты 45 градустық ыстық жақын күнде қайтады.Ал алдағы аптада таулы аймақтарда 35-38 градус,ал кей жерлерде 41 градусқа дейін қайта көтеріледі деп күтілуде.Әзірге жауын шашын жоқ.

Қазіргі таңда қала бойынша 80ге жуық жедел жәрдем халыққа қызмет көрсетуде.Оларға келіп түскен науқастардың басым көпшілігі тыныс жолдары ауруына шалдыққандар.Дәрігерлердің айтуынша тамақ ауруының асқынған бұл түрі адамдардың қапырық ыстық кезінде тым қатты суық су ішу салдарынан деп отыр.

ГҮЛБАНУ ЖАППАР

ОПЕРАТИВТІК БӨЛІІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Біз тұрғындарға күннің аптапты ыстығында далада көп жүрмеуін ескертудеміз.Себебі қатты ыстықтағы ішілген тым суық су болсын,балмұздақ болсын тамақ аурының асқынған түрі танзилитке әкеліп соқтырады.Ал әзірге жүрек ауруы шағымымен айтарлықтай науқастар тұсіп жатқан жоқ.

Мұндай жазғы аптапты ыстықта егде жастағы сондай ақ жүрек ауруымен ауыратын адамдар мен балаларға күннің көзінде көп жүрмеген абзал.Мамандар ыстықта салқын су ішіп денендегі ылғалдылық мөлшерін қалыпта ұстауды ескертеді.Күннің зиянды сәулесі өтіп кетпеу үшін табиғи маталардан тігілген ақшыл түсті киімдермен бас киім киіп жүруге кеңес береді.

МАДИНА АБАЙҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*