Басты » 13 Аймақ » Жүргізуші: полиция қызметкерлері тұншықтырып, басымнан ұрды

Жүргізуші: полиция қызметкерлері тұншықтырып, басымнан ұрды

Жүргізуші жол потрульдік полициясынан зәбір көрген. Оның айтуынша, тәртіп сақшылары ұрып-соғып, ақырында есінен тандырып тастапты. Тіпті көлігін ақылы айыптұраққа жауып, ойына келгенін істеген. Ал, жүргізушінің қан қысымы көтеріліп, денсаулығы сыр берген соң жедел жәрдем шақыртып ауруханаға алып кетіпті. Дегенмен, пагондылар іс-әрекетіміз заңды, бағынбаушылық танытқаннан кейін күш қолдануға тура келді,-деп ақталды.

Мен арыз жазам. Бәріне жазам. Мен мұндай айуандықты көрген жоқпын.

Тәртіп сақшыларының таяғын жеп, есінен танған Дархан Дилдашбеков ауруханада өзіне келген. 5 жылдан бері Шымкент пен Темірлан арасында жолаушылар тасымалдап жүріп, мұндай бассыздықты көрмедім,-дейді. Айтуынша, ешқандай ереже бұзбай кезегін күтіп тұрғанда жол потрульдік полициясының инспекторы құжат сұрап тиісе бастаған. Сөйтіп, құқығын қорғаған жүргізушіге бас салып, күш қолданыпты.

Дархан ДИЛДАШБЕКОВ

жүргізуші

Кілтімді тартып алды біреуі. Сосын көлікке отыр деді. Мен отырмаймын деп едім, екеуі күштеп міңгізді. Одан кейін арқамнан келіп тұншықтырып, басымнан ұрды. Екінші рет қылқындырып басымнан ұрғанда талып қалдым. Көзімді ашсам Громовада екенмін. Ары қарай білмеймін.

Оқиға Темірлан тас жолында түскі сағат 12:00 шамасында болған. Куәгерлердің айтуына қарағанда, Ордабасы ауданының орталығына қатынайтын көліктер осы жерде тұрады екен. Дархан Дилдашбековте тәртіп сақшыларының қолына осында түсіпті.

Ұрып-соғып машинаға мінгізіп жатқан. Старекске. Одан басқасын көрмедім. Алып кетті.

Жүргізуші бағынбаушылық танытты,-деп күш қолданған автоэкипажды Дархан Дилдашбековтың әпкесі телефонына түсіріп үлгерген. Жедел-жәрдем шақырғанда осы туысы екен.

Мәселенің мән-жайын білмекке ІІД-не, облыстық жергілікті полиция қызметіне тіпті жүргізуші айыптап жатқан инспекторларға да хабарласып көрдік. Сұхбат беруге келіспеді. Тек жүргізуші көлігін қойған үйдің иесі арыз жазғанын, қазіргі таңда бірнеше хаттама толтырылғанын айтты. Өз кезегінде Дархан Дилдашбековте құзырлы орындарға арыз жазып, шара көруін сұрады.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*