Басты » Редакция таңдауы » 1 қыркүйектен бастап облыс әкімдігі Түркістан қаласына көшеді

1 қыркүйектен бастап облыс әкімдігі Түркістан қаласына көшеді

Облыс әкімдікке қарасты басқармалар рухани астанаға толық қоныс аудармақ. Жоспар жасалып шенділер дайындыққа қызу кіріскенімен, мәдениет саласындағы бірқатар мемлекеттік мекемелердің болашағы бұлыңғыр. Қазіргі таңда жауапты мамандар Шымкент қаласында орналасқан облыстық маңызға ие мекемелерді бөлісе алмай әлек болуда.

Облыстық тарихи өлкетану мұражайы 1920 жылы Шымкент музейі болып құрылған. Араға 18 жыл салып мекеме облыс мәртебесін иемденеді. Міне, содан бері 100 мыңға жуық құнды жәдігер жиналып, ауқымы ауыз толтырып айтарлықтай кеңейді. Осыны ескерген жергілікті атқамінерлер бюджеттен қыруар қаржы бөліп, мұражайға заман талабына сай зәулім ғимарат салып берді. Алайда, қала халқы миллионға жетіп, облыстың атауы да, орталығы да Түркістанға ауысты. Сондықтан тарихи өлкетану музейінің болашағына қатысты сауалдың туындауы заңдылық.

Гүлмира ЛАЗАР

Облыстық өлкетану мұражайының ақпараттандыру секторының меңгерушісі

Шымкент қаласының тұрғындары әсіресе, бау-бақшаларында жұмыс жасап жатып, жәдігерлерді тауып алып келеді. Сондай-ақ, экспедиция кезінде табылған жәдігерлер де бар.

Музей қызметкерлері тарихи экспонаттардың көптігімен мақтанды. Алайда, алда не боларынан хабарсызбыз,-деді. Түркістанға көшетіні немесе қалада қалатыны туралы жауапты басқарма басшылары тіс жарып ештеңе айтпапты. Мұражайдың күйін облыстық „Отырар„ кітапханасы да кешіп отыр. Мұндағы 92 қызметкер болашағына қатысты хабарды тағатсыздана күтіп отыр. Дегенмен, Күлия Айдарбекова ханым кітапхананы көшіргенше академиялық дәреже алуға әрекет ету керек-деген пікірде.

Күлия АЙДАРБЕКОВА

облыстық „Отырар„ кітапханасының басшысы

Академиялық статус алу үшін қазір хат дайындап жатырмыз. Егер сондай статус алатын болсақ жұмыс режимі де, көлеміде тиімді жаққа қарай өзгереді.

Аталған мемлекеттік мекемелердің алдағы өмірі туралы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасынан сұрадық. Мұндағылар тарихи өлкетану мұражайы да, Отырар кітапханасы да облыстық маңызға ие болғандықтан, Түркістанға қоныс аударатынын айтты. Онымен қоса, мәдениет саласына қарасты тағы 10 мекеме көшеді екен.

Асылхан ТЕМІРХАН

Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамсыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Біз сараптай келе әкімдікке ұсыныс бердік. Осы 22 мекеменің 12 -ін көшіріп, қалған 10-н кезең-кезеңімен қалаға қалдыру туралы.

Қазіргі таңда тиісті құжаттары реттеліп, жоспар жасалған. Жауаптылардың сөзіне сенсек, 1 қыркүйекте облыс әкімдігі және басқармалар Түркістанға толық көшеді. Ал, мәдениетке қарасты мемлекеттік мекемелер ғимарат мәселесіне шешілуіне қарай орталыққа ойыспақ.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*