Басты » Мәдениет » Халықаралық «Азия жаңғырығы» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Халықаралық «Азия жаңғырығы» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Шын таланттылар бас қосқан додада өңіріміздің абыройын Оңтүстік Цирк әртістері қорғап, жүлделі 1-ші орынды иемденді. Дәстүрлі түрде өткізілетін байқау биыл 11-ші рет ұйымдастырылды.

Өлім шеңбері – бұл цирк жанрының ең қауіпті де күрделі түрі. Мұнда әртістер үлкен батылдық пен жауапкершілікті сезіне отырып, көрермендеріне үрейлі, қорқынышты трюктерін көрсетеді. Әртістер бұл номерді дайындау үшін 3 жылдан аса уақыт жұмсапты. 3 шеңберлі темір жолақтың үстінде жасалатын ерекше трюктерді Қазақстанда алғаш рет Оңтүстік цирк әртістері көрсетті. Сол себепті қазылар алқасының шешімімен алтын медальды қанжығасына байлап қайтты.

Астананың туған күніне орай жыл сайын елордада өтетін фестивалде биыл көршілес елдерден бөлек, Белоруссия, Франция, және Канада сынды 13 мемлекеттің 60-тан аса цирк өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті. Әуе гимнастары, клоундар мен иллюзианистер көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлады. Алтыннан алқа тағып, жүлделі жеңіспен оралған әріптестерін Оңтүстік Цирк ұжымы зор ықыласпен қарсы алды.

Ұлықбек Медешов

«Оңтүстік-Цирк» МКҚК әртісі

Бірінші жыл қатысып отырмыз осы фестивальге. Астананың 20 жылдығына орай, өте үлкен деңгейде өткізілген. Бүкіл әлемнен цирк әртістері жиналды.

Цирк әртістерінің келесі жоспары дайындықтарын әрмен қарай шыңдап, шет елдерде өтетін байқауларда бақ сынамақ.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*