Басты » Редакция таңдауы » Шымкентте тексеруден өтпеген қауын-қарбыздар саудаға шықты

Шымкентте тексеруден өтпеген қауын-қарбыздар саудаға шықты

Қазір алып-сатарлар қаланың әр бұрышын сауда нүктесіне айналдырып алған. Мұндағы мәселе олардың халыққа ұсынып отырған өнімнің құрамындағы нитратты ешбір мекеме қадағалап отарған жоқ. Қалдағы Қырғы базардың алдындағы заңсыз сауда қатарын бақша өнімін сататындар көбейген. Мәселен қазір қарбыздың бағасы 40 пен 50 теңгенің төңірегінде. Бір қызығы оны сатып алып жатқан тұрғындар өнім құрамындағы нитраттың мөлшеріне бас ауыртпауда. Қырғы базар әкімшілігі өз аумағында самсап тұрған бақша өнімдерінің құрамына зертханалық талдау жасамайтынын мойындап отыр. Олар жабайы сауда қатарлары біздікі емес деп, ат тондарын ала қашты. Ал мұндағы саудагерлер болса, базар қожайындарына күнделікті салық төлеп, оларға бағынатынын мәлімдейді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*