Басты » Редакция таңдауы » Ең төменгі пайызбен жедел несие беру басталды

Ең төменгі пайызбен жедел несие беру басталды

Кәсіпкер әйелдер үшін жағымды жаңалық! Іскер әйелдер үшін тиімді әрі ең төменгі пайызбен жедел несие беру басталды. Енді екінші деңгейлі банктен қарыз алу үшін біраз уақыт күтіп, әуре-cарсаңға түсудің қажеті жоқ. Жаңа бағдарламамен несие беру мен құжаттар рәсімдеу небәрі бір апта ішінде қаралады. Жылдық мөлшерлеме 5 пайызды құрамақ. Яғни жеке кәсіппен айналысамын деушілер 10 млн теңгеге дейін ала алады.

Тиісті меморандум Астана қаласында өткен банк пен Іскер әйелдер кеңесі арасында кәсіпкерлер палатасының бесінші съезі аясында жасалған. Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Данияр Дәрменовтың айтуынша бизнесті дамыту үшін әйелдер несие ретінде 5 пайыздық мөлшерлемемен 10 млн теңгеге дейін ала алады. Бұл бүгінгі күні несиелендіру бойынша нарықта ең төменгі мөлшерлеме. Қаржыландырудың максималды соммасы 10 млн екенін ескерсек, кем дегенде 100 адам бұл несиеге қол жеткізе алады. Ал берілген несиені өтеу мерзімі 7 жыл көлемінде болмақ.

ДАНИЯР ДӘРМЕНОВ

ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Жалпы сомасы 1 млрд теңге қарасырылған жыл соңына дейін. Несие алу шарттарында бұрынғыдай белгіленген тиісті бағыттар жоқ. Кез- келген салада жеке кәсіп ашуына болады. Жалпы статистика бойынша әйел кәсіпкерлері дамыған елдерде сол мемлекеттің экономикасы да жоғары болып есептеледі екен. Біздің кәсіпкерлер палатасы бұл жобаны қолдайды.

Аталған бағдарламаның қызмет саласына қатысты шектеуі жоқ. Кепіл ретінде жылжымайтын мүліктер немесе қаржылай түрінде қабылданады. Егер мүліктің құны несие сомасын қамтымаса «Даму» қоры бастауыш бағдарламасы бойынша 85 пайызға дейінгі несие сомасына кепілдік бере алады. Үкімет қазіргі таңда бизнес саласына көп көңіл бөліп жатыр деген сала мамандары жеке кәсіппен айналысамын деушілерге қол қанаттылық танытып көмек көрсетуді айтып өтті.

ХАДИША АЙЖАНОВА

ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ КЕҢЕС МҮШЕСІ

Жеке кәсіппен айналысушыларға үлкен жеңілдік,жақсылық жасалуда. Халық банк тиімді мөлшерлеме несие беретін болды 10 млн ға дейін. Бұл жаңа бастаманы бастап жатқан немесе іскер әйелдердің кәсіпкерлік жұмысын әрмен қарай жалғастыруға үлкен мүмкіндік болмақ. Осындай жобалар көптеп болса деген ойымыз бар.

Тағы бір айта кетерлік жайт банк басқа қаржы орталықтарынан алынған микрокредитті қайта қаржыландыра алады. Әрине егер борышкер несие жөнінде мәселесі болмаса. Халық банкінің бағдарламаса бойынша несие алу үшін жеке кәсіппен айналасамын деушілер Облыстық Кәсіпкерлер палатасына ағымдағы жылдың соңына дейін өтініш бере алады.

МАДИНА АБАЙҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*