Басты » Редакция таңдауы » Түркістан облысында 17 адам суға батып көз жұмды

Түркістан облысында 17 адам суға батып көз жұмды

Биылғы жылдың 7 айында облыста суға батқан адамдар саны 17 адамға жетті. Оның 11 жас балалар. Ал күн жылынып, жаппай шомылу маусымы басталғаннан бері Шымкентте бір адам суға кетіп қайтыс болды. Суда ажал құшқандардың көбі тиым салынған айдынға малтимын деп мерт болуда. Осындай қайғылы жағдайлардан сақтану үшін қазір құтқарушылар өзен көлдерге рейд жүргізіп, тұрғындарға ескерту жасауда.

Қалалық төтенше жағдай басқармасы мен жергілікті полиция өкілдерінен құрылған рейдтік топ бадам өзенін жағалады. Құзырлы органдағылардың нысанасына су арнасында шомылып жүрген тұрғындар ілікті. Өзен ағысы қатты болғандықтан кейбір жас балаларды ағызып кетуі мүмкін. Сондықтан мұнда суға түсуге тиым салынған. Бірақ өзенге келген халық өз дегенінен қайтпауда. Алғашында олар Төтеншеліктердің ескертуін елей қойған жоқ. Үйреншікті орындарына суға түсуге кедергі жасап, айыппұлмен сескендірген құтқару қызметіндегілерге айтар өз уәжі бар.

Светлана Карнаухова

Білесізбе бұл маңда тұратын балалардың басқа барып шомылатын жері жоқ. Ал төтенше жағдай өкілдері оларға бұл жерге шомылуға болмайды деп тиым салуда. Қазір өзен арнасында құрылыс жүріп жатыр. Қашан бітері белгісіз. Жергілікті биліктен сұранарымыз осы жерге арнайы тегін шомылатын орын салып берсін. Неге десеңіз қазір осы өзенге шомылып жүрген бүлдіршіндердің бәрінің де ақылы су айтынына барып суға түсуіне шамалары келмейді.

Бадам өзеніне түспекші болған тұрғындарды райынан қайтармақ болған төтенше жағдай қызметкерлері олармен сөзге келіп қалды. Рейдтік топ өкілдері осындағы халыққа өзенге сүңгу қауіпті екені түсіндірілді.

Қауіпсіз деп саналған бассейіндер ақылы, ал қарашаның бұдан басқа барар жері жоқ. Сондықтан оларды бұл маңға мүлде келтірмей қоюға ешкімнің мүмкіндігі жоқ. Әзірге өзен жағасында бірде-бір қайғылы жағдай орын алмағанымен алдын-алу шараларының артықтығы жоқ дейді төтеншеліктер.

Қуатбек Кенжебеұлы

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары

Заң нормасына сүйеніп мұнда шомылғандарға әкімшілік құқық бұзушылықтың 442 бабында 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған. Ал бүгін тек үгіт-насихат жұмыстарын жүргізідік. Жыл басынан бері Шымкентте шомылатын орында 1 адам мынау Қайнарбұлақта 26 маусымда қайтыс болды. Ал 6 адам қайғылы жағдайда қайтыс болды. Олар суда киімімен шықты. Оларды біреу өлтіріп суға тастап жерген болуы мүмкін.

Су айдынында орын алатын қайғылы жағдайлардың ең басты себебі ел азаматтарының осындай ағысы қатты әрі тиым салынған орынға өз бетінше түсуі. Сонымен бірге спиртті ішімдік ішіп жағаға келетіндер де өкінішті оқиғалардың санын арттыруда. Ал бүлдіршіндер өліміне келер болсақ, оған көбіне ата-аналардың өздері кінәлі. Себебі ұлдарының қандай орынға шомылуға барып жүргенін білмейтін үлкендер қараусыз қалдырудың салдарынан өз перзентінен көз жазып қалуда. Мәселен үстіміздегі жылдың алғашқы 7 айында облыста 17 адам суға кеткен болса оның 11 жас балалар екен.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*