Басты » Шынайы тақырып » Мегаполис әкімі қол астындағы қызметкерлерін ауыстырып жатыр

Мегаполис әкімі қол астындағы қызметкерлерін ауыстырып жатыр

Шахарды Лас-Вегасқа айналдыруға шындап кіріскен Ғабидолла Әбдірахымов осыдан он күн бұрын аппарат басшысы мен орынбасарларын тағайындап алған еді. Кезек аудан әкімдеріне келіп жетті. Қала мәслихатының кезектен тыс сессиясында Қаратау мен Әл-Фараби ауданының жаңа басшылары сайланды.

Шымкент қаласы республикалық маңызы бар қалалар қатарына қосылғалы, әкімдікте ауыс-түйіс жиілеп кетті. Алға қойған мақсаттар мен жасалған жоспарды орындау үшін мегаполис мэрі бес қаруын сайлап алуға білек сыбана кіріскен. Іскер орынбасарлары мен аппарат басшысын тағайындап алған Ғабидолла Әбдірахымов, аудан әкімдерінде біртіндеп ауыстырып жатыр. Бұған дейін Абай ауданының тізгінін Бұқарбай Пармановқа берген Ғабидолла Рахматоллаұлы Әл-Фараби ауданын басқаруға лайық азаматтың атын атады.

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ

Шымкент қаласының әкімі

ҚР Конституциясының 87 бабына және жергілікті өзін-өзі басқару заңның 32 бабына сәйкес Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы әкімінің лауазымына Мәуленқұлов Ғабит Патшаханұлының кандидатурасын келісуге ұсынамын.

Бұрын Қаратау ауданының басшысы болып, Нұрлан Сауранбаевтың кезінде қала әкімінің орынбасары қызметін атқарған Ғабит Мәуленқұловтың кандидатурасын депутаттар бір ауыздан қолдады. Ал, Ғабидолла Әбдірахымов әрі қарай ұзақ уақыт әкімсіз қалған Қаратау ауданына да жаңа кандидатты ұсынды. Сөйтіп, депутаттардың мақұлдауымен Исамиддин Қантураев Қаратауды басқаратын болды.

Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ

Шымкент қаласының әкімі

Бұл екі азаматты сіздердің келісімдеріңізден кейін, қол қойып өзім барып тағайындап келемін. Бұл екі азамат өздерінің жаңа қызметін абыроймен атқарады деп сенемін. Сәттілік сіздерге.

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында бұдан да басқа мәселелер қаралды. Соның бірі қала әкімдігінің дербес құрамына өзгеріс енгізу туралы.

Еркеғали ӘЛІМҚҰЛОВ

Шымкент қаласы әкімдігі аппаратының басшысы

Бұл дербес құрамға қала әкімі, орынбасарлары кіреді. Осыған келісім беріп, бекітулеріңізді сұраймын.

Екі аптада үш ауданның басшысын тағайындаған Ғабидолла Әбдірахымов, қала әкімдігіндегі кадрлық ауыс-түйіс әліде жалғасатынын мәлімдеді.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*