Басты » Редакция таңдауы » Франциялық саяхатшы Түркістан облысының жұртын таңдай қақтырды

Франциялық саяхатшы Түркістан облысының жұртын таңдай қақтырды

Күн сәулесімен қуатталатын айрықша көлік мінген Стэфан Бертрантты түсірілім тобымыз Төрткүл ауылының маңынан кезіктіріпті. „Сіздерде күн қатты ыстық„,-деп әңгімесін бастаған еуропалық әлем кезіп жүргеніне 23 күн болғанын айтты. Ол «The sun trip» жобасы аясында Лион қаласынан Қытайға жол тартқан. Сондай-ақ алыс жолға жалғыз өзі емес, достарымен бірге шығыпты. Аптап ыстықта велосипедпен елдің назарын өзіне аударған Стэфан мақсатым-қос доңғалақты көлікпен ұзақ қашықтықты бағындыруға болатынын дәлелдеу,-дейді.

Стэфан БЭРТРАНД

саяхатшы

Аталған жоба аясында 2013 жылы біз Астанаға саяхат жасадық. Қазіргі бағытымыз Лионнан Гонконгқа дейін. Жалпы мен Қазақстанда бірнеше рет болғанмын. Соның арқасында өзіме Асқар дейтін дос таптым. Ал, сіздердің өңірлеріңіз туралы айтар болсам, күн өте қатты ыстық екен. Қытайға дейін қанша уақыт жүретінім белгісіз.

Стэфан тізгіндеген көліктің салмағы кәдімгі велосипедке қарағанда 20 келіге артық екен. Алайда, бұл еш кедергісін келтірмейтін көрінеді. Себебі күн сәулесінен қуат алатын батареялардың көмегімен жылдамдықты 30 пайызға арттыруға болады,-дейді. Ал, саяхатшы күніне 150-200 шақырымды басып өтетін көрінеді. Қазіргі таңда, «The sun trip» жобасында 30-дан астам қатысушы бар. Олардың арасында тәжірибелі кәсіби спортшылардан бастап, қарапайым әуесқойларда кездеседі. Сондай-ақ олар белгілі бір бағытпен қозғалмайды. Әр қатысушы өзі қалаған жолмен белгіленген межеге жол тартады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*