Басты » Қоғам » Достық шағын ауданындағы қоғамдық көлік мәселесі бүгін-ертең шешілмейді

Достық шағын ауданындағы қоғамдық көлік мәселесі бүгін-ертең шешілмейді

Мұны салаға жауаптылардың өздері мойындап отыр. Қазір аталған ауданның тұрғындарын тасымалдайтын 17-б бағытындағы көліктің екеуі ғана жүріп тұр. Ал қалғандарының әбден тозығы жеткен. Ескі-құсқы көліктерді сағаттап күткен жолаушылар ақыры шыдамы бітіп арнамызға шағымданды.

Үсенов Аманбай

Қала тұрғыны

Қалаға жалғыз ғана автобус барады анау Қырғы базарға. Оның өзін 1-2 сағат күтуге тура келеді. Оның өзі өте тар әрі ескі. Бір үлкен автобус қойса дейміз.

Қалалық бағыттағы 17б қоғамдық көлігі Достық шағынауданы тұрғындарының талай уақыттан бергі бас ауруы. Олай дейтініміз осы күнге дейін мұндағылар шағымын арқалап қоғамдық көлікке жауаптыларды сан мәрте жағалады. Бірақ жолаушылардың айқайынан соң бүл мәселе біршама шешілгендей болып, кейіннен қайта бас көтереді. Достық тұрғындары 17-б көлігінің жырын айтып тауыса алар емес. Бірі көлік ішінің ластығын айтып ашуланса, енді біреулері кондукторлардың дөрекілігіне төзімі таусылған.

Айнұр Сейдуллақызы

Қала тұрғыны

Қазіргі 17 -ескі. Екіншіден саны аз. Сосын демалыс күнде балалармен далада қаламыз. Автобус ол күні жүрмейді. Жолда үнемі бұзылып, бізді басқа көлікке шұбыртып отырғызып жібереді. Қалаға жаңа көдіктер келіп жатыр деп есітіп жатырмыз. Әкім мырзадан және орынбасарынан немесе жауаптылардан сұрайтынымыз біздердегі көліктерді жаңартса.

Достықтан қалаға қатынайтын а 17-б қоғамдық көлігінің саны 10. Кей күндері оның жартысынан көбі жұмысқа шықпай қоятын көрінеді. Көбінің тозығы жеткендіктен тез бұзылады. Шыққан күннің өзінде адам саны аз болса, аялдамаларда ұзақ тұрақтайтыны тағы бар. Ттұрғындар Достыққа қатынайтын автобустарды демалыс күндері көрмейміз дейді.

Сдендап: Жалаушы кейіпіне еніп 17-б көлігін күтіп тұрғанымызға жарты сағаттан асты. Осы уақыт ішінде қоғамдық көліктің бірде-бірі төбе көрсеткен жоқ. Мұндағы қарттар мен зейнеткерлерді түсінуге болады. Олар қалаға қатынау үшін мүнда сағаттап сарыла күтеді. Келген күннің өзінде қысылып-қымтырылып жеткен олардың төзіміне таң қалмақса шара жоқ.

Бағжан Тілеулиева

қала тұрғыны

Жүрген кезде де жол жөнекей халықты бірінің үстіне бірін мінгізіп қысып тастайды. Оның ішінде қарттар мен балалы әйелдер бар. Содан кейін сенбі-жексенбіде автобус мүлде жүрмейді. Міне халықтар куә, солар айтсын.

Айдана Қанатқызы

Неге дәу автобус қоймайды. Бала-шаға көп сыймаймыз. Оған 25 -30 адам отыру керек болса, ал олар 150 адамнан салады.

Жауаптылар осындағы түйіткілді шешпей тағы да қол қусырып отыратын болса мұндағы жұрт жолды жауып, наразылыққа шығамыз деп бекініп отыр. Ал Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомабил жолдары бөліміндегілер Достық тұрғындарының мәселесі жақын арада шешілуі екіталай дейді.

Бұл 17 бойынша бізде тапсырма берілді. Менің жеке бақылауымда. Көлік секторының мамандары тексеріп, кеше көлік иелерімен жиналыс өткізіп түсіндірдік. Олар сөз беріп жатыр. Егер кемшілікті жөндемеген жағдайда келісім-шартты бұзамыз. Келісім бұзылған жағдайда ол автобустардың орнына келетін жаңа компания жоқ.

Қоғамдық көлікке жауаптылардың сөзіне сенсек жыл аяғына дейін Шымкентке тағы 70 жаңа автобусы келеді. Егер жаңа автобустар қала ішіндегі өзге бағыттардан артылған жағдайда Достық шағынауданына қатынауы мүмкін. Сондықтан ондағы халық қазіргі ескі шағын автобустардың орнын басатын көлік келгенше аялдамада сағаттап тосып, демалыс күндері таксимен жүруіне тура келеді. Қазір қаладағы қоғамдық көліктердің 70 пайыздайы ескірген. Оларды өз бетінше жаңартуға тасымалдаумен айналысатын компаниялардың шамасы жетпей отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*