ӨРКЕНДЕУ ЖАЙЛЫ АЙТЫЛЫП ЖАТҚАНДА ЖАСТАР БАСҚА ІСПЕН ШҰҒЫЛДАНДЫ
Басты » Білім » ӨРКЕНДЕУ ЖАЙЛЫ АЙТЫЛЫП ЖАТҚАНДА ЖАСТАР БАСҚА ІСПЕН ШҰҒЫЛДАНДЫ

ӨРКЕНДЕУ ЖАЙЛЫ АЙТЫЛЫП ЖАТҚАНДА ЖАСТАР БАСҚА ІСПЕН ШҰҒЫЛДАНДЫ

М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттік ғылыми конференциясы басталды. Осымен 18-рет өткізіліп отырған шара «Нұрлы жол бағдарламасын жүзеге асыруда – жас ғалымдардың үлестерін қосу» бағытына арналған. Жиында жоғарғы оқу орындары мен мектеп оқушылары өздерінің тың жобаларын ортаға салып, тиімді тұстарымен таныстырды.

     Білім жастан. Жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан конференцияда жастардың қатысуымен елдегі жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық салардағы кенжелеп қалған тұстарын дамытып жетілдіруге бағытталады. Биыл да сол салттан жаңылмай, қоғамдағы өзекті мәселелерді оңтайлы шешуге жол ашатын тың жобалар ұсынылып отыр.

     Республикалық деңгейдегі ғылыми конференциясына Қарағанды қаласынан да жас ғалымдар жобаларын ұсына келіпті. Сонымен қатар шараға мектеп оқушылары да қатысуға мүмкіндік алған. Соның бірі 11 сынып шәкірті Әшімхан Дінмұхамед. Ол электронды миктроскопияны дамытудың жаңа нұсқаларын ойлап тауыпты. 3 айға соғылған жобаның зерттеу нәтижесі қолдау тапса, көптеген сала жаңаша жетістіктерге қол жеткізер еді дейді жоба авторы.

     Айта кетерлігі, жастарды білімге баулу мақсатында ұйымдастырылып отырған шара студенттердің қызығушылығын оята алмаған сыңайлы. Өйткені көпшілігі телефоннан бас көтермеді. Мемлекеттің тұтқасын ұстар жастар ойын ойнап, түрлі әлеуметтік желілерді шарлаумен болды.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*