Басты » Редакция таңдауы » Түркістандық кәсіпкер әділдік іздеп әлек

Түркістандық кәсіпкер әділдік іздеп әлек

Талапқа сай рәсімдеп сатып алған екі гектар жерін, құзырлы орган заңсыз деп тауыпты. Бір қызығы тиесілі мамандарда кәсіпкермен келісім шарт жасасқан құжаттары болмай шықты. Шиеленіске толы жағдай кәсіпкерлер палатасының кезекті отырысында талқыланды.

Мұса Жұмашев 2011 жылы жеке кәсібін ашу үшін Түркістан қаласы жер қатынастары бөлімімен келісім жасап, 2 гектар жерді 4 миллион теңгеге сатып алған. Барлық құжаттары талапқа сай келіп, нысан мемлекеттік қабылдаудан өткен. Алайда 5 жылдан соң, кәсіпкерге жердің заңсыз екені жайында хабар келіп түседі.Онда, жер учаскелерін сатып алу келісімі жарамсыз делінген.

Мұса Жұмашев

жеке кәсіпкер

Енді 5 жарым жылдан кейін, незаконный деп табады. Мен сонысын түсінбедім. Сондағысы менде келісім шарт жоқ дейді. Менде оригиналы бар отырғам. Бүгінгі таңда, Түркістанның земельный комитеті болсын ,әкімшілік болсын кадастров қай бөлімнің болса да менің бірде-бір құжатым жоқ.

Ал, жер қатынастары бөлімінің мамандары мардымды жауап бере алмады. Ақыр соңында жиналысқа дайындықсыз келгендерін айтып ақталды, сөйтіп бұл мәселені 10 күннің ішінде қараймыз деді. Осы уақыт аралығында кәсіпкермен болған жағдайды шешіп, бір келісімге келуге бекінді.

Сендер білулерің керек қой, неге бердіңдер сотқа? Төлемін төлеп қойса, налогын төлеп отырса, жердің ақшасын төлеп қойса, ол жерге құрылысын салып қойса, не аталарыңның құны бар ол жерде?

Ғани Рысбаев

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары

Біз мұны тағы да зерттеп, қосымша сіздерге хабарлама сияқты берейік. Өйткені айтып отыр ғой, міне 11 жылы қалаға қажет болды кәсіпкерге тартып алған жері берілді. Одан кейн алды да, кәсіпкерді шеттетіп, бұл кісі 4-5 жыл болды соттасқанына. Солай ғой ия? Сондықтан бұл мәселені зерделеп барып, сіздерге нақты хабарын берсек.

Қазіргі уақытта жер мәселесіне қатысты заң бұзушылық өршіп тұр. Себебі кәсіпкерлікті қорғау желісіне жыл басынан бері, 230 өтініш келіп түссе, оның 25 пайызы жер қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтар екені анықталған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*