Азия мен Еуропа елдерін Шымкентте тоғыстырған байқау - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » Азия мен Еуропа елдерін Шымкентте тоғыстырған байқау

Азия мен Еуропа елдерін Шымкентте тоғыстырған байқау

Үшінші мегаполисте қиындықтан сескенбейтіндердің кезекті жарысы өтті. Мотобәйгенің бұл жылғы ерекшелігі, жол барынша күрделендіріліп, үміткерлер саны да артты. Ауқымы жыл сайын кеңейген жарысқа бұл жолы 10 жасар бала да қатысты.

Ұйымдастырушылар жол трассасының күрделі көрінісін ұсынды. Ал, спортшылар, бәсекелесті басым етпекке, әр бұрылысты қауіпті етті. Қилы жолды бағындыруға Қазақстанмен қатар шетелдіктер де ниеттенді. Осылайша, мото крос әлеміндегі тарихи оқиғалардың бірі Шымкентте өтті. Жарысқа 18 адам қатысты. Биыл, жол барынша күрделендіріліп, қатысушылардың қызығушылығын оятты. Байқауға ерекшелікті 10 жасар үміткер енгізді. Никтита Савинов, КТМ 65 мотоциклін мақтанышпен көрсетті. Жас болса да, жүрегінің түгі бар, қиындықтан қорықпайтын айтты.

Никтита Савинов

қатысушы

Мен 10 мотокростың 10 жаттығуына қатыстым. Қатысуға қорықпаймын. Саланың қыр-сырын меңгеріп келемін

Бұл жолы, көрермендер қатары да артты. Тіпті, шетелдіктер де делебені қоздырар спортты көруге асыққан. Сәйкесінше, үміткерлер де, дайындықты жылдағыдан пысықтап, күрделі техникаларды көрсетуден жүрексінбеді.

Олег КИМ

ұйымдастырушы

Орталық Азия елдерінің барлығы дерлік келді. Тіпті, Чехиядан ат басын бұрғандар да бар.

Алматылық Руслан, Шымкентке мотоциклде емес қолдан жасалған мопедте келді. Ол, туындысын 1 жыл бойы құрастырған. Күрделі трассада бақ сынамаса да, құрылғысымен көпті баурады.

Руслан

Алматылық қонақ

Мұның әр бөлшегі қолдан құрастырылған. Тетіктері мопедке арнайы жасалған. Басқа ұқсас үлгісі жоқ. Дискі балқытып, дәнекерленген. Орындығы 30 қабатты шыныдан тұрады. Сыртын бұқаның терісімен қапталған. Әр тетігіне көп мән бердік.

Айналым әуесқой, кәсіпқой, ардагерлер мен балалар болып 4-ке бөлінді. Көрермендер, тақымдарын қысым, әр үміткерге қолдау көрсетті.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*