Пәтер иелері кооперативі жұмысын тікелей бақылауға болады... - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » Пәтер иелері кооперативі жұмысын тікелей бақылауға болады…

Пәтер иелері кооперативі жұмысын тікелей бақылауға болады…

Бұған дейін аталған мекемелердің көбінің атқарған тірлігі көлеңкеде еді. Сондықтан жұрт оларға қаржымызды желге ұшырып жатыр деп жиі шағым айтатын. Қала билігі бұдан былай көпқабатты үйлерге қызмет көрсетіндердің жұмысын бір жөнге салуға шындап кіріскендей. Тұрғындар енді экімдіктің ресми сайтынан үй ауласының тазалығына жауаптыларға кімнің қанша қарызы барын және сол қаржыға қандай шаруа атқарылғанын біле алады. Бұл жаңалық қаншалықты тиімділігі әрине алдағы уақыттың еншісінде.

Шымкенттегі көпқабатты үйлердің 80 пайызы жарты ғасыр бұрын салынған. Олардың күрделі жөндеу көрмегендері көп. Ал көпқабатты үйлерге күтім жасау пәтер иелері кооперативінің еншісінде. Олардың көбінің жұмысына өкінішке орай бүгінде бақылау мүлде жоқ. Соның салдарынан үй шатырлары ескіріп, жертөлелері суға толған тұрғын үй кешендері қалада көп кездеседі. Осындай кемшілікпен күресу мақсатында қала әкімдігі мен жекеменшік серіктестік негізінде „Шымкент тұрғын үй қызмет„ ЖШС құрылды.Аталған мекеме бұдан былай тұрғын үй шаруашылығы саласын цифрландыруды бастап кетті. Жаңа жүйенің артықшылықтарына үй төрағалары қазірдің өзінде оң баға беріп отыр.

Әбди Мұқадас

Үй төрағасы

Сол жұмсалып жатқан қаржы жауапсыз кетіп жатыр. Ал мұнда компанияға аударып отыратын болса, келеді аударған ақшаға жауап беріп отырады. Мұны мен қолдаймын.

Бұрын көп қабатты үйдің тұрғындары үй ауласының тазалығы мен өзге де қызметтерге пәтер иелері кооперативіне ай сайын қаржы төлеп келген. Бірақ жалпы тұрғындардар қанша қаржы жиналды, оған үйдің қандай орны жөнделді бұған бақылау жасайтын ешкім болмады. Атқарылған жұмыстың сапасына да ешкім жауап бермеді. Қаржымыз желге ұшып жатыр деген кейбір пәтер иелері ай сайын ақша төлеуден де бас тартатын. Ал Шымкент тұрғын үй мекемесі болса, бұдан былай тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп, бар жауапкершілікті өз мойнына алуға уәде беріп отыр.

Әбдімәлік Балбаев

Шымкент қаласын тұрақты үйлестіру орталығының төрағасы

Қазір көп болса бір 10 шақты Пәтер иелері кооперативі жұмыс жасап жатыр. Олар істеген жұмысына ғана ақша алып отыр. Бір үйдің еденін жуғанға, оны қысқа дайындағанға ғана ақша алады. Жалпы үйдің жағдайына олар бас ауырпайды. Тұрғындар бірігіп үйлерін кәсіби компанияға басқаруға беруі керек. Адам қартайғаны сияқты үйлер де қартаяды. Мысалы бес жылда ағымдағы жөндеуден өту керек. 20 жылда күрделі жөндеуден өту керек. Қазір оны ойлап отырған ешкім жоқ.

Шымкент тұрғын үй ЖШС қазір қаладағы көпқабатты үйлерді өз қамқорлығына алуға ниетті. Осы мақсатта тұрғындармен кездесу ұйымдастырып, мүмкіндіктерін таныстыруда. Олар халыққа алдағы уақытта барлық жұмыс жариялы түрде болатынына сөз беруде. Мәселен жұрт қалалық әкімдіктің сайтына кіріп, көпқабатты үйге нақты қандай қызмет көрсетілгенін және оған айына қанша қаржы жұмсалатынын көре алады. Сонымен бірге аталған мекеме қалада тағы бір пилоттық жобаны қолға алды. Биылдан бастап Шымкентте 21 үйге автоматтандырылған жылыту жүйесі орнатылмақ. Мамандардың пікірінше ол тұрғындардың жылу энергиясына жұмсайтын шығынын едәуір қысқартады және ол туралы ақпаратты тұтынушы ұялы телефон арқылы бақылай алады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*