Басты » Редакция таңдауы » «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі»

«Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі»

Мемлекеттік қызмет істері органдарының 20 жылдығына орай Мемлекеттік қызметтің беделін көтеру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін тарату, үздік кәсіби білімі мен дағдылары бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін анықтау және ынталандыру, олардың уәждемелік жүйесін жетілдіру мақсатында «Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсы ұйымдастырылды.

Конкурс екі кезеңнен тұрады.

1 кезең – облыстық деңгей. стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуін тестілеу және ахуалдық мәселені шешу бойынша өткізілді

2 кезең – республикалық деңгей. Астана қаласында республикалық комиссия алдында өзінің жеке жобалық жұмысын қорғаған үміткерлермен әңгімелесу болды

Облыстан бұл конкурсқа барлығы 23 мемлекеттік қызметкер тестілеуге қатысып, өз бақтарын сынады. Оның 6 мемлекеттік қызметкер тест тапсырып, әңгімелесу кезеңіне өтті, оның 2 қызметкер республикаға Астана қаласына жолдама алды. Үздік деп танылған «Облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының» Талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы Маханова Гүлбану Толқынқызы болатын.

Республикалық кезең Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде арнайы құрылған комиссия алдында еліміздің әр өңірінің үздік мемлекеттік қызметкерлері өз жобаларын қорғап шықты. Облыстың атынан барған Гүлбану Маханова Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының өңірлік оқу орталықтарының базасында ақылы негізде ҚОСЫМША ОҚЫТУ КУРС АШУ арқылы мемлекеттік қызметке үміткер азаматтардың біліктілігі мен құзыреттілігін жоғары дәрежеге көтеріп, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру жобасы қорғалды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*