Шымкенттік Кеңесбек Сейдімбеков велосипедпен Өзбекстанға аттанбақ - Шымкент жаналықтары
Басты » Редакция таңдауы » Шымкенттік Кеңесбек Сейдімбеков велосипедпен Өзбекстанға аттанбақ

Шымкенттік Кеңесбек Сейдімбеков велосипедпен Өзбекстанға аттанбақ

Ақсақал Шымкент-Ташкент-Самарқан-Бұқара бағыттарын басып өтіп, ат басын Астанада тізгіндеуді жоспарлап отыр. Мақсатым қазақ-өзбек арасындағы достықтың нығаюына үлес қосу дейді қария.

87 жастағы ақсақалдың бұл алғашқы сапары емес. 2001 жылы Мекке- Мәдина арасындағы жолды велосипедпен бағындырған жихангез 2003 жылы Қазақстанның Ресейдегі жылы аясында Мәскеуге сапарлады. 2016 жылы Ауғанстан мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстың құрметіне орай Кеңесбек ақсақал Шымкент-Кабул арасын небәрі 7 күнде бағындырған. Жихангез ендігі сапарын Өзбекстанға арнамақ.

Кеңесбек Сейдімбеков

Жихангез

Бұл жерден Ташкентке дейін 150 шақырым, ал Самарқанға дейін 360 шақырым. Ары қарай Бұхараға барамын. Самарқанда Ислам Кәрімовтың зиратына гүл шоғын қоямын. Сосын Астананың 20 жылдығына орай елордаға барамын.

12 немере мен 7 шөбере сүйіп отырған қазыналы қария немерелеріне үлгі. Аружан да болашақта атама ұқсап веложихангез болғым келеді дейді. 11 жасар немересіне ақсақал бұл спорт түрінің қыр сырын айтудан жалыққан емес.

Ерден Аружан

немересі

Мен атама ақ жол тілеймін. Жақсы барып келгенін қалаймын. Аман есен денсаулықпен оралғанын тілеймін.

Қария бұл сапарын «Астана қаласының 20» жылдығы мен «Қазақстандағы Өзбекстан жылына» арнап отыр. Мақсат халықтар достығының нығаюына үлес қосу. Бұл 78 жастағы қарияның соңғы сапары емес. Алда әлемді араламақ.

Нұрзина Төреханова

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*