Басты » Редакция таңдауы » Басқарма басшысы өзбекстандық шаруалардың мақтауын асырды

Басқарма басшысы өзбекстандық шаруалардың мақтауын асырды

Түркістан облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы алты айда атқарған жұмысымен мақтанып, жеткен жетістігін жария етті. Әдеттегідей сандарды сайратып, пайыздарды сөйлетті. Тіпті күнгейде алып бара жатқан өзекті мәселе жоқ,-деді. Керісінше, ауылшаруашылығы өнімдерінің сапасы жақсарып, бағада ретке келе бастады,-деп ағынан жарылды.

Серік ТҰРБЕКОВ

Түркістан облысық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы

Ағымдағы жылы қосымша интенсивті баулар 940 гектар жерге егілді. Жүзім 500 гектар жерге, жаңғақ 207 гектар жерге қосымша егіліп жатыр.

Баспасөз мәслихаты кезінде басқарма басшысы Өзбекстандық шаруаларды жер көкке сыйғызбай мақтады. Екі ел арасындағы достық-қарым қатынас нығайғалы, шекарадан тонналап көкөніс келіп жатыр,-деді қуанып. Бұл біріншіден бәсекелестікті арттырып, тауар сапасының жақсаруына алып келеді екен. Сонымен қатар, Серік Тұрбеков екі мемлекеттің айлық жалақысын салыстыра келе, тауар бағасын төмендетудің жолын айтты.

Серік ТҰРБЕКОВ

Түркістан облысық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы

Олар диқаншылыққа өте жақын халық. Өнімдері сапалы. Сонымен қатар бізге қарағанда өнімнің өз нарқы арзан. Демек біз ары қарай жұмыс жасауымыз керек. Сосын олардың айлықтары 200 доллар болса, бізде 400 доллар. Сондықтан бізде себе стоимость жоғары.

Ұсынылған статистикалық мәліметтерде мін жоқ. Өсім жыл сайын байқалады. Алайда, егін науқаны басталысымен күнгейдің диқандары ұшырасатын бір мәселе бар. Су жоқ,-деп шырылдайды шаруалар. Қазірдің өзінде Мақтарал, Сарыағаш, Ордабасы мен Түркістанда тіршілік нәрі жеткіліксіз. Серік Ордабекұлы мұндай жағдайлардың болатынын жоққа шығармады.

Серік ТҰРБЕКОВ

Түркістан облысық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы

Сәуір айында су жетпей қалды деп отырсыз. Ия жетпей қалды суғаруға. Бірақ біздің насосымыз бар. Сол арқылы қамтамасыз етіп отырмыз. Айтып отырмын ғой „Тоқтағұлдың„ көлемі өте үлкен. Одан басқа „Қайрақұмда„ су жеткілікті. Тәжіктер бүгін 520 куб су жіберіп отыр.

Басқарма басшысы „Тоқтағұлдың„ суын төрт мемлекет бөліп алады,-деді. Сондықтан жетіспеушілік ара-тұра болып тұрады екен. Дегенмен, қазір суға жауапты Ислам Әбіш тараптармен келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*