Шымкентте базынасын айтқан халыққа, бас қатырар ешкім болмай тұр - Шымкент жаналықтары
Басты » Қоғам » Шымкентте базынасын айтқан халыққа, бас қатырар ешкім болмай тұр

Шымкентте базынасын айтқан халыққа, бас қатырар ешкім болмай тұр

Бұлай салған жолдарың құрысын! Техниканың гүрсілі мен шаң жұтудан жалыққан Өтегенов көшесінің тұрғындары бас көтерді. Айтуларынша, жол құрылысымен айналысатын мердігер айналаны күл-қоқысқа толтырып, елді әуре-сарсаңға салғанына жылға жуықтаған. Тұрғындар билік басындағыларға сан рет арыз жазыпты. Алайда, жауаптылар көзбояушылық жасап көшеге су сепкенімен, артынша баяғы әуеніне басқан.

Шаңнан көз ашпағанына жылға жуықтаған жұрт ауруға шалдығып тындық,-дейді. Себебі қаланың қақ ортасында жүргізіліп жатқан жол құрылысының сиқы мынау. Осындағы елдің жан айқайын үнсіз түсінуге болатын көрініс бұл. Тұрғындар кейде қоқыс, кейде тас тиеп ары-бері ағылатын ауыр техниканың гүрілінен де әбден мезі болған. Таң атпай басталатын тарсыл-гүрсілден балаларымыз қорқақ боп тынды,-дейді.

Тоқмағамбет ЕСТЕМЕСОВ

Шымкент қаласының тұрғыны

Мына жердегі детсадтағы балаларға обал. 70 бала бар. Шаң жұтып отыр. Мына машиналар келіп тарс-тұрс жұмыс жасайды. Ол бейшаралардың жүрегі жарылып кетеді ғой бір күні.

Елдің ашуына тигені Самал 1 шағын ауданындағы оннан астам көшенің құрылысын жүргізіп жатқан мердігер қалдық қоқыс пен тасты осында жинайды екен. Мекеме басшысы да ел арасында төбе көрсетті. Мәселенің мән-жайын сұрадық. Жоспар бойынша осы жылдың қарашасында құрылыс бітуі тиіс екен. Алайда, аяқ- асты мәселе туындапты.

Бақытжан БЕЙКУТОВ

Әлем Транс Жол„ ЖШС директоры

Біз қазір жұмысты тоқтатып тастадық. Себебі осы жерден канализация өтетін болды. Соған байланысты тоқтап тұрмыз.

Бұл жауап тұрғындардың ашуын одан әрі келтірді. Мәселені өзгеге сілтеп өз басын ала қашқан мердігерге өкпеледі халық. Қарапайым жұртты шаңға батырған расымен кәріз жүйесін тартуы тиіс мекеме болса, оны да шақырайық,-деп шулады. Іздеген адамдары көп созбай келіп жетті.

Нұрлан СҰЛТАНОВ

Үш сай„ ЖШС өкілі

Құдай қаласа бір-екі аптада бітіреміз. Арғы бетті істей берсе болады. Біз мына бетте жұмыс жасаймыз.

Көшені бөлісе алмаған екі мердігер бір-бірін кінәлап қала берді. Ашулы ағайынға екеуіде нақты жауап бере алмады. Ал, тұрғындар бұл жағдайды қала әкімдігі назарға алып, оң шешіп берсе,-деген тілектерін жеткізді.

Нұрсұлтан Тұрысбеков

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*